Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көмірдің биылғы орташа бағасы белгілі болды

Көмірдің биылғы орташа бағасы белгілі болды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жылыту маусымына дайындық жөніндегі брифингте айтылды, деп хабарлайды baq.kz.
ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов өсім өткен жылмен салыстырғанда шамамен 15%-ды құрағанын айтты.
Қазір көмірдің орташа бағасы тоннасына 6,7-ден 9 мың теңгеге дейін, өсім өткен жылмен салыстырғанда шамамен 15%-ды құрады. Өңірлерде жеткізу қашықтығына байланысты құны тоннасына 8,5-тен 26,5 мың теңгеге дейін қамтиды, - деді ол.
Жолмағамбетов түпкі тұтынушыда көмірдің өзіндік құнының қалыптасуына кеніштен тұтынушыға дейінгі қозғалыс кезеңдері, теміржол көлігімен тасымалдау және жүк тасымалдау қызметтерінің құны әсер ететінін айтты.
Негізгі учаскелер бойынша әлеуметтік көмірдің тоннасына бағалар: Шұбаркөл көмір – 7570 теңге, Қаражыра – 9000 теңге, Шұбаркөл премиум – 9000 теңге, Майкөбен Батыс – 6700 теңге, - деді ол.
Айта кетейік, өткен жылыту маусымдарында кейбір өңірлерде отандық көмір тапшылығы фактілері орын алған. Жетіспеушілік көмірдің көршілес мемлекеттерге бақылаусыз кетуіне байланысты болды.
28 тамыз 2023 ж. 303 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 151

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031