Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауда министрлігінің өкілі елде қандай өнімдердің қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Сауда министрлігінің өкілі елде қандай өнімдердің қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Сауда министрлігі сауда комитенінің төрағасы Айдар Әбілдабеков елде қандай тауарлардың бағасы өсуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комитет төрағасының сөзінше, сыртқы жағдайларға байланысты Қазақстанда күріш бағасы өзгеруі мүмкін.
"Бірақ бұл туралы ешкім айта алмайды, сыртқы нарықтың әсері жоғары. Мәселен, Үндістан буланған күріш сатуға тыйым салмақ немесе Қытайда тасқын салдарынан күріш өндіретін аумақтар су астында қалды. Сыртқы нарық Қазақстан нарығына әсер етеді. Сондықтан барлық аумақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен әкімдіктермен бірге Қызылорда күріші бойынша жәрмеңке өткізіп, келісімшарт жасастық. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ күріш бойынша үлкен шарт жасасып, қорымызда бұл күріш болуы үшін ірі көлемде ақша бөлді", – деді Әбілдабеков.
Сондай-ақ комитет жетекшісі Қазақстан қажетті өнімдермен толығымен қамтамасыз етілетінін атап өтті.
"Басқа өнімдер бойынша баға айтарлықтай өседі деп айта алмаймын. Нарық үнемі "ойнап тұрады", біз шаруаның жұмысына араласып, арзан бағада сатуға мәжбүрлей алмаймыз", – дейді шенеунік.
28 тамыз 2023 ж. 235 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031