Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім саны азайды – ДСМ

Елімізде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім саны азайды – ДСМ

Жыл басынан бері инсульт 13,5%-ға төмендеген
Қазақстанда жыл басынан бері қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,5%-ға, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы 12%-ға, жіті миокард инфарктісі - 4,6%-ға, стенокардия-10%-ға, инсульт-13,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл ретте өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ашық жүрекке жасалатын операциялар саны еліміз бойынша 7,1%-ға өсті.
«Бүгінде республикада 44 тері арқылы араласу орталығы жұмыс істейді, ағымдағы жылы Қостанай, Түркістан облыстарында тағы 3 ТКА орталығы ашылды. Сонымен қатар ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Қарағанды, Түркістан, Павлодар облыстарында және Абай облысында тағы 12 тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашу жоспарлануда, сондай-ақ жүрек ауруларын ерте анықтау және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің профилактикасы мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін амбулаториялық-емханалық деңгейде 14 СЖЖ кабинеті ашылады», - дейді ДСМ өкілдері.
Жыл басынан бері 6 148 ашық жүрекке операция жасалды, жүрекке интервенциялық араласулар саны 14%-ға артып, 55 000-нан астам араласуды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 500-ге өсті.
28 тамыз 2023 ж. 142 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 277

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930