Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің 12 өңірінде мүгедектерді оңалту орталығы салынады

Еліміздің 12 өңірінде мүгедектерді оңалту орталығы салынады

Қазақстанның 12 өңірінде мүгедектерді оңалту орталығы салынады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2021 жылы тәулік бойы стационар жағдайда 52 963 бала ем алды. «Қамқорлық» бастамасының ІІ-кезеңін жүзеге асыру аясында 2022 жылдың басында 8 республикалық орталық Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе облыстарында, 2 ерте араласу орталығы Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында ашылды», деді Үкімет басшысының орынбасары депутаттық сауалға берген жауабында.

Вице-министрдің айтуынша, биыл еліміз бойынша 17 «Қамқорлық» ерте араласу орталығын тұрғызу жоспарланған. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі аясында әрқайсысы 150 орынға арналған оңалту орталықтарын Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ашу көзделген.

«Сонымен қатар 8 өңірде аутистикалық спектрі бұзылған және өзге де менталды кемшіліктері бар балалар күндіз келіп ем алатын орталықтар ашу жоспарланып отыр», деді Ералы Тоғжанов.
30 мамыр 2022 ж. 619 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 204

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930