Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттердің стипендиясы көбейді

Студенттердің стипендиясы көбейді

Студенттердің шәкіртақысы көбейді.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» қаулыға қол қойды. Бұл туралы aikyn.kz "Қазақпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.
Қаулыға сәйкес, студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясының мөлшері мынадай:
– даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
– педагогикалық бағыт бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
– «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
– интерндерге – 75 890 теңге;
– магистранттарға – 97 024 теңге.
– «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 181 250 теңге;
– докторанттарға – 217 500 теңге.
– даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;
– даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.
– мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендияның мөлшерінен төмен емес.
– техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге.
– техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31 422 теңге.
Премьер-Министр қол қойған Үкімет қаулысы биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
23 тамыз 2023 ж. 212 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031