Қызылорда облысының денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде

Талдау барысында, аталған мекемелердің еңбек ақы төлеу қоры қаражатын игеру мен мемлекеттік сатып алу қызметіндегі сонымен қатар басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары бағыттар зерделенеді.
Осыған байланысты, облыс тұрғындары тарапынан талдау жұмыстары бойынша ұсыныстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болған жағдайда, taldau-kzo-2022@mail.ru электрондық поштасына және WhatsApp +7 707 282 21 51 жолдауға, сонымен қатар Департаменттің кезекші бөлімінің 23-06-90 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.