Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 мың кәсіпкердің әкімшілік мәселелері шешілді

22 мың кәсіпкердің әкімшілік мәселелері шешілді

Жиі кездесетін кедергілердің бірі - рұқсат құжаттарын беру.
Биыл 7 айы ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша 22 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қозғаған бизнестің 450-ге жуық мәселе шешімін тапты, деп жазады inbusiness.kz.
Кәсіпкерлер жиі рұқсат құжаттарын ала алмай әлек болады. Мысалы, Ақмола облысында бассейндік инспекция арнайы су пайдалануға рұқсатты ұзарту үшін кәсіпкерден экологиялық сараптама қорытындысын ұсынуды талап еткен. Алайда Мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында мұндай қорытындылар көзделмеген. Кәсіпкер өтінішке су алуды есепке алу құралдарының болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесін ғана қоса беруі тиіс. Сондықтан су пайдалануға рұқсат берілді. Мемлекеттік қызметшілерді жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізілді.
Білім беру жүйесін зерделеу кезінде де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мектепте тамақтандыру қызметтерін жеткізушілерге қысым көрсетудің бірнеше заңсыз жолдарын анықтаған.
"2022 жылдың тамыз айынан бастап білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына мәзір-орналасуды әзірлеу жөніндегі талап енгізілді. Алайда, елорда әкімдігі бұл нормаларды елемеген.
20-ға жуық конкурс талап етілетін құжаттарсыз өткізілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша мемлекеттік аудит органдары конкурстардың күшін жойып, Білім басқармасы қажетті құжатты әзірлеуді бастады", — делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарламасында.
Сондай-ақ, "Бизнеске жол" жобасы аясында жоспардан тыс тексерулерді тағайындау үшін мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін реттелмеген салықтық талдаулар зерделенді.
Агенттік хабарлауынша, енгізілген ұсынымдар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар осындай талдаулар жүргізу және жаңа Салық кодексінде тексерулер тағайындау үшін негіздемелерді бекітеді. Бұл жемқорлық тәуекелін тек жүйелі деңгейде ғана емес, қалыптасу сатысында да алып тастауға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Агенттіктің департаменттері "сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің карталарын" ескере отырып, қазіргі уақытта бизнес құқықтарына нұқсан келтіруге ұшыраған салалар бойынша жемқорлыққа қарсы мониторингтер мен жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу мүмкіндігі туралы еске саламыз. Ол үшін Facebook әлеуметтік желісі арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттерінің басшыларымен байланысу қажет.

04 тамыз 2023 ж. 185 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930