"Дарын" сыйлығы енді қоғамдық қызметтегі жетістіктер үшін берілмейді
Оның орнына жаңа "Креативті бастамалар" аталымы енгізілмек.Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының ережесіне тағы да өзгерту енгізуді жоспарлап отыр. Өзгертулер сыйлық табысталатын аталымдар мен марапаттау мерзіміне қатысты.
Нақты айтқанда, "Қоғамдық қызметтің" орнына жаңа "Креативті бастамалар" аталымы енгізіледі. Сәйкесінше, "Дарын" сыйлығы енді келесі аталымдар бойынша табысталады:
Әдебиет;
Ғылым;
Дизайн және бейнелеу өнері;
Журналистика;
Классикалық музыка;
Креативті бастамалар;
Спорт;
Театр және кино;
Эстрада;
Халық шығармашылығы.
"Креатив өте сұранысқа ие, өңірлердегі бастамаларға жүйелі желілік қолдауды кеңейту, жергілікті жобаларды анықтау және көтермелеу бойынша түрлі бағдарламалар жүргізу, олардың ең жақсыларына әлеуметтік әсерлерді іске асыруға және оларға қол жеткізуге көмектесу маңызды", – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.
Сондай-ақ, "Дарын" сыйлығы қайтадан Тәуелсіздік күніне орай табысталатын болып бекітілмек. Нақтырақ айтқанда, сыйлық бұрыннан Тәуелсіздік күніне орай беріліп келген. Алайда, 2022 жылы бұл мерзімді Республика күні – 25 қазанға ауыстыру туралы өзгеріс енгізілді. Бірақ, ол іске асып үлгерместен, "Дарын" сыйлығын табыстау мерзімін қайтадан Тәуелсіздік күніне ауыстыру жоспарланып отыр.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 17 тамызға дейін.