Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дарын» сыйлығына 237 өтінім қабылданды

«Дарын» сыйлығына 237 өтінім қабылданды

10 тамызда «Дарын» сыйлығына ізденушілердің құжаттарын қабылдау аяқталды. Конкурсқа 237 өтінім қабылданды (2020 жылы – 160 өтінім), деп хабарлайды Egemen.kz.
Номинациялар бойынша өтінімдер саны келесідей: «Ғылым» - 55, «Эстрада» - 9, «Классикалық музыка» - 18, «Халық шығармашылығы» - 21, «Дизайн және бейнелеу өнері» - 7, «Театр және кино» - 47, «Спорт» - 22, «Әдебиет» - 18, «Журналистика» - 7, «Қоғамдық қызмет» - 33.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін талантты жастарды қолдау мақсатында жыл сайын беріледі.
Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне жоспарланып отыр. Айта кетсек, 2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға конкурс жариялады.
Құжаттар 10 тамызға дейін қабылданды.

13 тамыз 2021 ж. 512 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930