Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл интернеттен радикалды бағыттағы 11 мыңнан астам заңсыз материал жойылды

Биыл интернеттен радикалды бағыттағы 11 мыңнан астам заңсыз материал жойылды

Елімізде әлеуметтік желілер арқылы 14 мыңнан астам адам радикалды діни топтардан шығарылды.
«Министрліктің дін саласындағы жұмысының негізгі стратегиялық бағыттары мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайтуға, үйлесімді мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз етуге және қоғамда радикалды идеологияның таралуына жол бермеуге бағытталған. Аталған стратегиялық бағыттардың негізіндегі дін саласындағы жұмыс атаулы ақпараттық-түсіндіру, интернет кеңістікте діни экстремизмге қарсы насихаттау, сондай-ақ оңалту және дерадикализациялау жұмыстары негізінде іске асырылуда», - деп атап өтеді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
Ведомство халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу және радикалды діни идеологияларға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында іс-шаралар қабылданғанын атап өтеді. Бүгінде бұл жұмыстар құрамында 3 028 адам бар дін мәселелері бойынша 228 өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының күшімен ұйымдастырылады.
«2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 700 мыңға жуық адамды қамти отырып, 17 500 ақпараттық-түсіндіру іс-шара ұйымдастырылды. Радикалды діни ағымдар идеологиясы негізінен интернет ресурстар арқылы таралатыны белгілі. Министрлік интернет кеңістікте діни экстремизмге қарсы насихат жүргізу бойынша жұмыстар жүргізуде. 2023 жылы радикалды бағыттағы 11 мыңнан астам заңсыз материал жойылды және бұғатталды. Радикалды діни топтардың ішінен әлеуметтік желілер арқылы 14 мыңнан астам адам шығарылды», - деп нақтылайды ведомстводан.
Министрліктің дерегінше, оңалту жұмысына деструктивті діни ағым идеологияларын насихаттауға қарсы тұра алатын және азаматтарды дәстүрлі ислам принциптеріне және қазақстандық қоғамның құндылықтарына бейімдейтін жоғары білікті теологтары мен психологтар, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ресурстары тартылған. Жалпы, түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша діни экстремизм идеологиясын ұстанатын адамдар санының азаюы байқалады. Елімізде радикалды және экстремистік көзқарастар мен идеяларды қабылдамау ахуалы қалыптасқан.
03 тамыз 2023 ж. 170 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930