Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл балаларын спорт үйірмелерімен көбірек қамту бағытында өзгерістер болады

Ауыл балаларын спорт үйірмелерімен көбірек қамту бағытында өзгерістер болады

Ауыл балаларын спорт үйірмелерімен көбірек қамту үшін тиісті құжатқа толықтыру енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Біздің министрлік спорт және шығармашылық үйірмелерін жан басына қаржыландыру жобасына жауапты. Биыл мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 190 мыңнан астам бала тиісті үйірмелермен қамтылды. Алайда, қазіргі бұл бағдарламаны қалалық жерде іске асыру қолайлы болғандықтан, ауылдық жерге жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Бұл мәселені шешу үшін министрлік нормативтік актілерді толықтыру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Бұл ретте қаржыландыруды «қалалық» және «ауылдық» аймақтар деп бөлу шарттарын енгізуді қамтамасыз етеді», - деді А. Оралов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жылда Қазақстанда 1,2 млн адамды қамтитын түрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіледі.
01 тамыз 2023 ж. 243 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031