Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Смартфонның бұзылуына әкелетін әдеттер

Смартфонның бұзылуына әкелетін әдеттер

Заманауи әлемде смартфондар адамдарға аса қажет құралға айналды. Смартфон немесе ондағы қандай да бір функция бұзылса, бұл оның иесіне айтарлықтай ыңғайсыздық сыйлайды. Смартфоныңыз ұзаққа дейін қызмет ету үшін қандай зиянды әдеттерден аулақ болу керек?
Сапасыз қуаттағыш қолдану
Сапасыз қуаттағыш құрылғы смартфонды "өлтіреді". Ұялы телефон істен шығуының жиі кездесетін себебі - сәйкес емес зарядтау тогы.
Телефонды күннің көзіне қалдыру
Гаджеттер критикалық температуралар әсерін көтере алмайды. Одан смартфон қатты қызып кетуі мүмкін. Бұл чиптің бұзылуына, содан соң басқа да маңызды функциялардың істен шығуына әкеледі.
Ваннада жатып телефон қолдану
Ваннада жатып телефон қолдануға болмайды. Кей адамдар, тіпті, ваннада жатып, зарядталып жатқан телефонды қарап жатады. Бір ыңғайсыз қозғалыс себебінен қымбат құрылғыңыз суға түсіп кетуі және суда жатқан сізге қауіп төндіруі мүмкін.
Смартфонды қапсыз ұстау
Қызмет көрсету орталығына жиі жүгінетін себептің бірі - смартфонның физикалық зақымдалуы. Телефонның жерге қай уақытта және қалай түсіп кететінін алдын ала білу мүмкін емес. Егер оны байқамай түсіріп алсаңыз, оның корпусы зақымдалады, экраны сынады және кейде, тіпті ішкі модульдеріне жөндеу қажет болады. Сол үшін де смартфонға міндетті түрде қап кигізіп, экранына арнайы әйнек жабыстырып алу керек. Олар телефонның құлауынан қорғамайды, бірақ соққының қандай да бір бөлігін өздеріне алады.
Жиі қуаттау
Көпшілік ұялы телефонды зарядтауға түнге қалдырады. Бұл аккумулятор үшін зиян. Алайда кей телефон түрлерінде ішкі қорғаныш функциясы бар: батарейка толған кезде зарядталу автоматты түрде тоқтатылады.
Аккумулятор ұзаққа дейін жақсы жұмыс істеуі үшін телефонды критикалық жағдайға дейін (шамамен 10%-ға дейін) жеткізіп, содан соң 100% зарядтап алу керек. Егер телефонды күніне бірнеше рет қуаттасаңыз және шамамен 70%-ға ғана жеткізсеңіз, одан аккумулятор жылдам құртылады.
Жадын толтырып тастау
Перфекционистер ғана уақытында артық суреттер мен видеоны, қажет емес қосымшаларды өшіріп тастап отырады. Ал басқа адамдар әдетте, ол жайлы ұмытып кетеді де, тек телефондағы жүйе орын жоқ екенін еске салғанда ғана біледі. Телефон жадының толып қалуы жалпы смартфонның жұмысына жағымсыз әсер етеді, сондай-ақ егер флеш-жады бұзылса, барлық сурет-видеоларыңыз өшіріліп қалуы мүмкін.
04 шілде 2023 ж. 259 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930