Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар визасыз 39 елге ғана бара алады

Қазақстандықтар визасыз 39 елге ғана бара алады

Паспорт күші бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 97-орынның ішінде 53-орынға тұрақтады.
Рейтингке барлығы 193 ел қатысты, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.
Еліміздің индексі – 91. Қазақстандық паспорты бар азаматтар визасыз 39 елге бара алады, тағы 52 елде келгеннен кейін виза алуына болады. Тағы 107 елде қазақстандықтарға виза қажет.
Әлемдегі ең ықпалды төлқұжат БАӘ азаматтарында. Олар 125 елге визасыз бара алады, тағы 55 елде визаны келгеннен кейін алуына болады. Ал, 18 елде ғана виза қажет.
Рейтингтің ортасында, яғни 45-орында 101 индексімен Шығыс Тимор мен Бахрейн орналасты.
ТМД елдері арасында Қазақстан паспорты Украина*, Ресей, Молдова және Беларусь паспорттарына жол береді. Ал, біздің паспорт Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан паспорттарына қарағанда әлдеқайда күштірек.
Биылғы бірінші тоқсанда Қазақстанға 7,7 мың адам келді. Бұл былтырғыға қарағанда 87%-ға артық. Оның ішінде республика қалаларына 5,5 мың адам, ауылдарға 2,2 мың адам келді.
Өз кезегінде елден 2,7 мың адам кетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49,6 пайызға аз. Оның ішінде қалаларда кеткендер саны 2 мыңға дейін, ауылдарда 620 адамға дейін қысқарды.
03 шілде 2023 ж. 299 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 119

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031