Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 шілдеден 8 тамызға дейін Астана әуежайында ұшу-қону жолағы жөнделеді

15 шілдеден 8 тамызға дейін Астана әуежайында ұшу-қону жолағы жөнделеді

Бұл туралы Астана әуежайының әкімшілігі мәлімдеді. Жолаушылардан 15 шілдеден 8 тамыз аралығында әуежайға ерте келіп тіркеуден алдын ала өту сұралады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жұмыстар 15 шілдеден 8 тамызға дейін (11:00-ден 18:00-ге дейін) өтеді. 15 шілдеден 8 тамыз аралығында жол жүруді жоспарласаңыз әуежайға ерте келіп тіркеуден алдын ала өтуіңіз сұралады, себебі ұшулардың жиілігіне байланысты кептеліс болуы ықтимал", - делінген хабарламада.
Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан ҰҚЖ жөндеуге түсіністікпен қарауды және билетті сатып алу кезінде жұмыстарды жүргізу мерзімін ескеруді сұрайды. Жөндеу жүргізу мерзімдері отандық авиакомпаниялармен келісілгенін және ұшуды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесімен шартталғанын атап өту қажет.
Айта кетейік, өткен жылдарды талдау бойынша дәл осы кезеңде жауын-шашынның ең аз мөлшері түседі, сондай-ақ асфальтбетон зауыттары үздіксіз жұмыс істейді. Сондықтан бұл жөндеу үшін ең қолайлы кезең.
Сонымен жөндеу жоспары бойынша ҰҚЖ-ның жекелеген учаскелерінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты ауыстырылады. Ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығы да жөнделеді.
01 шілде 2023 ж. 309 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031