Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мазасыздықпен қалай күресу керек? 5 тиімді әдіс

Мазасыздықпен қалай күресу керек? 5 тиімді әдіс

Заманауи адамның өмірі қарбаласқа толы және олар күйзелістік жағдайларға жиі шалдығады. Бұл біздің көңіл күйімізге, содан соң денсаулығымызға әсер етеді. Алайда қорқыныш пен үрейден біз қаша алмаймыз. Себебі жаман жаңалықтар теледидардан, радиодан айтылып жатады. Оларды тыңдамасаңыз, әлеуметтік желіде алдыңыздан шығады. Әлеуметтік желіге мүлдем кірмей қойсаңыз, ол жайлы таныс адамыңыз айтады. Жаман жаңалықтарды азайтқан дұрыс, бірақ оларды өміріңізден мүлдем алып тастай алмайсыз. Сондықтан күйзеліс пен үрейге қарсы тұрып, олардың өміріңізге зиян келтіруіне жол бермеуге тырысыңыз. Ендеше, мазасыздықпен және жаман ойлармен күресудің тиімді әдістерін ұсынамыз.
Жағымды эмоцияларға мән беріңіз
Жағымды эмоцияларды күшейтуге тырысыңыз және сол сәттен ләззат алып үйреніңіз. Жұмыс ырғағын баяулатып, өзіңізге уақыт бөлу маңызды. Өзіңізге шынымен де рахат сыйлайтын іске көбірек уақыт бөлуге тырысыңыз.
Үнемі қозғалыста болыңыз
Көп қозғалмайтын адамдар жиі күйзеліске шалдығады және мазасыз келеді. Сондықтан көп қозғалуға тырысыңыз. Сондай-ақ қозғалыстар жиілігіне мән беру маңызды. Күні бойы кеңсе үстелінде қозғалмастан отырып, кешке спортзалға барсаңыз да мазасыздық бой алуы мүмкін. Сол үшін күндіз жиі үзілістер жасап, сыртқа серуендеп келуге тырысыңыз.
Өзіңізге сеніңіз
Өзіңізді қиындықтарды жеңетініңізге сендіріңіз. Өзіңізге деген сенімділікті арттыру үшін өз жетістіктеріңізді (спортта, емтиханда және т.б) және солармен байланысты қуанышты эмоцияларды еске түсіру көмектеседі. Сондай-ақ сізге мотивация, шабыт беретін адамдарды еске алып тұрыңыз.
Музыка тыңдаңыз
Музыка - күшті антидепрессант. Музыка жанрының қандай болуы маңызды емес, бастысы, ол сізге ұнауы керек. Тек сол кезде ғана музыка сізге босаңсуға көмектеседі.
Медитация жасаңыз
Медитация, йога, тыныс алу жаттығулары адамды тыныштандырады, босаңсытады және мазасыздықты кетіреді. Тігу, тоқу, жабыстыру, сурет салу секілді істер де адамға медитация ретінде әсер етеді.
Заманауи әлемде қиындыққа тап болған адамдар мына нәрсені ойдан шығармау керек: біз көп жағдайда ішкі жағдайымыз үшін өзіміз жауаптымыз және біз өзіміз ойлағаннан да мықтымыз.
Медитация жасау: бастаушыларға 5 кеңес

30 маусым 2023 ж. 197 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930