Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның энергетика саласында маман тапшылығы байқалып отыр

Қазақстанның энергетика саласында маман тапшылығы байқалып отыр

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жылумен жабдықтау саласындағы аудиторлық іс-шараның қорытындысын талқылау кезінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова осы салада маман тапшылы бар екенін айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Осы саладағы кәсіби кадрлар басқа кәсіпорындарға кетіп жатыр. Мәселен, Шахтинск ЖЭО персоналы 77 пайыз деңгейінде жасақталған, ал негізгі цехтар бойынша бұл көрсеткіш 43% шамасында», - деді Н. Годунова.
Оның айтуынша, энергия кәсіпорындарында кадрлардың тапшылығына тарифтік сметамен шектелген жалақының төмен деңгейі ерекше әсер етіп отыр.
«2022 жылы электр энергиясымен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу саласындағы мамандардың орташа айлық жалақысы 268 мың теңгені немесе жалпы ел бойынша орташа жалақының 87%-ын құрады (308 мың теңге)», - деді палата басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жоғары аудиторлық палата жылу энергетика саласында инвестициялық жобалар сапасыз іске асырылып жатқанын анықтады.
Астанадағы ЖЭО-3 құрылысына қатысты аудит кезінде әкімдік деректері сәйкес келмейтіні белгілі болды.
Сонымен қатар, Жоғары аудиторлық палата жылумен жабдықтау саласында қаражатты тиімсіз игеру деректерін анықтады.
Жылу беру саласындағы мемлекеттік реттеу бірнеше мемлекеттік органға жүктелгендіктен, жылу энергетикасын дамытуда жүйелі тәсіл жоқ.
21 маусым 2023 ж. 215 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930