Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс орындарына өзіңмен тағам алып кіру әлі заңмен бекітілмеген

Демалыс орындарына өзіңмен тағам алып кіру әлі заңмен бекітілмеген

Елімізде демалушылар мен демалыс орындарының құқығы заңнама бойынша қаралмаған, деп хабарлайды baq.kz.
Комитеттің “Демалыс орындарына тағамдарды алып кіруге болады” деген ескертпесі заңнамамен әлі бекітілмей, сөз жүзінде қалып отыр.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Жаз мезгілі басталғалы демалыс орындарына тынығуға келушілердің қатары көбейеді. Дегенмен, біздің шешімге құлақ аспайтын демалыс орындары да бар. Тұрғындардың алып келген сусыны мен тағамдарын кіргізбей жатады. Меніңше, бұл мәселені шешуге ішкі туризм саласы көмек көрсету қажет. Біздің заңнамамыз бойынша кез келген азамат елдегі демалыс аймақтарына тамақ пен сусын алып кіре алады. Бұған тыйым салу заңсыз. Қарап отырсақ, ішкі туризмге бағынбайтын демалыс орындарында тағам алып кіруге қарсылық танытып жатқандарды байқаймыз, – деді Серік Құсайынов.
Спикердің айтуынша, біздің заңнамамызда демалыс орындарындағы тынығушылардың құқығы қорғалмаған.
Бұл мәселені шешуге жүйелілік қажет. Егер демалыс орнына кіру үшін арнайы билет сатып алған болса, тамақтарыңызды алып кіруге болады. Ал демалыс аймақтарына қарайтын мейрамханалар мен тамақтану орындарына тағам алып кіруге болмайды. Біздің заңнамамызда демалушылар мен демалыс орындарының басшылығының құқығы бекітілмеген. Сондықтан да әркім өз білгенін істеп жүргені жасырын емес. Алдағы уақытта бұл мәселе жүйелі түрде шешіледі деген сенімдемін, – деді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
20 маусым 2023 ж. 249 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 74

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930