Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде мақтаның тек 15% қайта өңделеді

Елімізде мақтаның тек 15% қайта өңделеді

Сенат депутаты Зәкіржан Кузиев қант өндіру саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, 2022 жылы елімізде 360 мың тонна шитті мақта жиналды. Алайда мақтаның тек 15 пайызы ғана қайта өңделеді. Мақта талшығы бүкіл тоқыма өнеркәсібінде маңызды саналады. Бұл өнімді өңделмеген күйінде шетелге сатамыз. Былтыр экспортталған мақта талшығы 30,2 мың тоннаны құрады. Бізден Молдова, Латвия, Түркия, Өзбекстан және Қытай сатып алып жатыр. Айтпақшы, осының арасында үш ел Қазақстанға жіптерді, түрлі маталарды, үй тоқыма бұйымдарын және киім-кешекті жеткізіп келеді. Сырттан әкелінген осы киімдердің біразы біздің мақтадан өндірілуі мүмкін», - деді З. Кузиев бүгін Сенатта өткен Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, отандық кәсіпорындарда өңделетін шикізаттың 15 пайызынан мақта және мата өндіріледі.
«Мақта талшығының бір тоннасы бүгінде 285 000 теңгеге жетті. Ал осы көлемнен өңделген матаның немесе төсек-орын жабдығының құны 2,9 миллион теңгені құрайды, яғни қосылған құн 300 пайыздан асады. Бұл ретте Қазақстаннан шығарылатын мақта талшығының 85 пайызы шетелге арзан бағамен жөнелтіледі», - деді сенатор.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Зәкіржан Кузиев қант өндіру саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.
17 маусым 2023 ж. 209 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930