Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаға тіс тазалауды әдетке айналдыруды қалай үйрету керек?

Балаға тіс тазалауды әдетке айналдыруды қалай үйрету керек?

Әр ата-ана баласының сау әрі бақытты болып өскенін қалайды. Тіс күтімі бала денсаулығында маңызды рөл атқарады. Бүгінгі материалда 3-8 жас аралығындағы балалардың тіс тазалығына тоқталамыз. Бұл жаста балалар өз бетінен тіс тазалап үйренеді және электрлік тіс щеткасын қолдана алады. Балаға тіс тазалауды әдетке айналдыруды қалай үйрету керек және тісжегі даму қаупін қалай азайтуға болады?
Сүт тістерге күтім жасау маңызды
Көпшілік адам сүт тістерге күтім жасау міндетті емес деп ойлайды. Олардың ойынша, олар бәрібір түсіп қалады және олардың орнына жаңа тістер шығады. Алайда тұрақты тістерге күтімді олар пайда болғанға дейін бастау керек.
Болашақ тұрақты тістердің жағдайы сүт тістердің жағдайына тікелей байланысты. Себебі олар сүт тістердің астында орналасқан. Сондай-ақ уақытша тістер тұрақты тістер тістемінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Мысалы, егер сүтті тіс қабынып кетсе, ол ұзаққа дейін түсіп болмай, тұрақты тістің өсуін бұзып жіберуі мүмкін. Ал егер сүт тісті уақытынан бұрын алып тастаса, тұрақты тіс қисық болып шығуы мүмкін.
Балаға қандай тіс пастасын таңдау керек?
Бұл жас аралығындағы балаларға арналған тіс пастасына таңдау көбірек. Бала бұл жаста пастаны түкіре алады. Құрамында фторы бар пастаны таңдаған кезде оның қауіпсіз мөлшеріне  мән беріңіз: ол 1000 ppm болуы керек.
Балаларға арналған тіс пастасында не болмау керек?
Бала пастаны жұтпауды үйренгенімен, оның дәмі тәтті болғандықтан әдейі жеп көруі мүмкін. Сол үшін көпшілік өндіруші пастаның құрамына зиянды заттар қоспайды. Тіс пастасының құрамында SLS және парабендер болмауы керек. Егер паста көпірсе оның құрамында SLS болуы мүмкін. Мұндай пастадан бас тартқан жөн.
Сондай-ақ балалар пастасында абразивті заттар аз болуы керек. Жұмсақ абразивтер ересектерге тісті тиімді тазалау үшін қажет, бірақ ол тіс пастасында болмауы керек. Қаптамада абразивтілік RDA деп жазылып тұрады, ол балалар үшін 0-ден 50-ге дейін болуы керек.
Ал тіс пастасы құрамындағы пайдалы заттарға фтор мен гидроксиапатит (немесе наногидроксиапатит) жатады.
Балаға тіс щеткасын қалай таңдау керек?
Бұл жас тобындағы балаларға мануалды да, электрлік те тіс щеткасын қолдануға болады. Щетканы әр 2-3 ай сайын ауыстыру керек. Балаларға жұмсақ щетка керек. Щетка баланың қолынан сырғанап кетпеуі керек, сол үшін щетканың ұстайтын жері резеңке немесе силиконмен қапталған болуы керек. Сондай-ақ щетканың дизайны ашық түсті және баланың тіс тазалауға деген қызығушлығын арттыру үшін оның сүйікті кейіпкерінің суретімен болғаны жөн.
Балаға тіс тазалауды әдетке айналдыруды қалай үйрету керек?
Тіс тазалау тәртібін сақтау. Баланы күнде таңертең және кешке бір уақытта тазалауға үйретіңіз.
Балаға үлгі болу. Балаға бірдеңені үйреткеннен гөрі оған үлгі болғаннан жылдам нәтиже аласыз. Бастапқыда баланы өзіңізбен бірге ваннаға алып кіріңіз де, қолына щетканы беріңіз. Ол барлық қозғалысты сізден қайталасын. Уақыт өте бұл әдетке айналады да, ол "тіс жуайық" деп сізді шақыратын болады.
Балаға таңдау жасату. Алдымен өзіңіз жоғарыда айтылған кеңестер бойынша бірнеше тіс пастасы мен тіс щеткасын таңдаңыз. Содан соң солардың ішінен бір-бірден балаға таңдау жасатыңыз.
Баланы тіс тазалауға мәжбүрлемеңіз, мотивация беріңіз. Баланы ойындар, таймер немесе арнайы күнтізбе арқылы қызықтырыңыз. Мысалы, құмсағат сатып алып беріңіз. Содан соң балаға құм таусылғанша тісін тазалауын сұраңыз. Балалардың тіс тазалау уақыты 2 минуттан төмен болмауы керек. Таймер болса, бала асығуын тоқтатады және тісін мұқият тазалайды. Жуынатын бөлмеге көрінетін жерге тіс тазалау күнтізбесін іліп қойыңыз. Мысалы, жанында күн және ай жапсырмалары тұруы мүмкін. Бала әр тазалаған сайын таңертең күн, кешкісін ай жапсырмасын жабыстырады. Содан соң баланы мақтауды ұмытпаңыз. Мысалы, апта немесе ай аяқталған кезде оны қуантатын қандай да бір зат беріп тұрыңыз.
Баланы әр тамақтанғаннан кейін аузын шаюға және су ішуге үйретіңіз. Тісжегі дамымас үшін ауызда тамақ қалдықтары қалып қоймау керек.
Ескерту: баланы тіс дәрігеріне 6 айда бір рет қаратып тұру керек. 



16 маусым 2023 ж. 200 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930