"Анемия, жүрек ауруы". Шайды кімдерге көп ішуге болмайды?
Шай - судан кейінгі ең танымал сусын. Ол қуат береді, антиоксиданттық және басқа да пайдалы қасиеттерге ие. Бірақ шай барлық адамға пайдалы емес, - деп хабарлайды massaget.kz Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Дәрігерлер кей аурулары бар адамдарға шай мөлшерін азайтуды немесе одан бас тартуды ұсынады. Денсаулыққа жағымсыз әсерлердің көпшілігін әдетте сусынның құрамындағы кофеинмен байланыстырады. Бұл қара және жасыл шайға да қатысты.
Al Jazeera сарапшылары шайды кімдерге көп ішуге болмайтынын айтты.
1. Бала емізу
Тағамдағы көптеген заттар секілді кофеин де емшек сүті арқылы нәрестеге әсер етуі мүмкін. Егер ана күніне 2-3 кеседен артық шай ішіп, баласын емізетін болса, бұл нәрестенің ұйықтамауына, ішек тітіркенуіне және ішек белсенділігінің артуына әкелуі мүмкін.
2. Анемия
Темір тапшылығы бар адамдар шай көп ішсе, анемияны ушықтырып жібереді.
3. Мазасыз ауытқулар
Шайдағы кофеин мазасыздықты арттырады.
4. Қан кету
Кофеинді сусындар қан кету қаупін арттырады. Сондықтан қан ұйығыштығы бұзылған адамдарға шайдан бас тарту керек.
5. Жүрек ауруы
Шайды және оның құрамындағы кофеинді шамадан тыс тұтыну жүрек ырғағының бұзылуына - аритмияға әкелуі мүмкін.
6. Қант диабеті
Шай ішу қандағы қант деңгейін бақылауға әсер етуі мүмкін. Егер сіз шай ішкенді жақсы көрсеңіз және қант диабетімен ауыратын болсаңыз, бұл көрсеткішті мұқият қадағалаңыз.
7. Диарея
Шайдағы кофеин, әсіресе көп мөлшерде, диареяны асқындыруы мүмкін.
8. Ұстамалар
Кофеиннің жоғары мөлшері ұстама тудыруы немесе ұстаманың алдын алатын дәрілердің әсерін азайтуы мүмкін. Егер сізде эпилепсия ұстамасы болса, кофеині бар сусындарды және шайды көп ішпеңіз.
9. Жоғары қан қысымы
Шай құрамындағы кофеин гипертониясы бар адамдардың қан қысымын жоғарылатуы мүмкін.
10. Тітіркенген ішек синдромы
Кофеиннің көп мөлшері тітіркенген ішек синдромы бар кейбір адамдарда диареяны күшейтуі мүмкін.
11. Бауыр ауруы
Жасыл шай сығындылары бауыр ауруын асқындыруы мүмкін. Сондықтан мұндай сығындыларды қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
12. Остеопороз
Шай ішу организмнен несеппен шығарылатын кальций мөлшерін арттыруы мүмкін. Ал бұл, өз кезегінде, сүйектерді әлсіретеді. Егер сізде остеопороз болса, күніне 6 кеседен артық шай ішпеңіз.
Сондай-ақ шайды көп ішу мына жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін:
- мазасыздық;
- ұйқысыздық;
- жиіленген тыныс;
- бас ауруы;
- жиі зәр шығару;
- жүрек айнуы;
- құсу;
- ашуланшақтық.
Шайды күніне қанша ішу керек?
Шайды мөлшермен ішу, әдетте, көпшілік үшін қауіпсіз. Сарапшылардың айтуынша, шайдың күніне ішу керек нақты нормасы жоқ. Себебі шайдың түрлері көп. Десе де, оны күніне 4-5 кеседен артық ішпеу ұсынылады.