Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Желіде клиникалар екі жастан бастап баланың жынысын өзгертеді деген ақпарат тарады

Желіде клиникалар екі жастан бастап баланың жынысын өзгертеді деген ақпарат тарады

Instagram-да екі жастан асқан балаларға жынысын ауыстыру операциясын жасауға дайын клиникалар бар екендігі туралы ақпарат жарияланды. Онда мұндай жағдайға баланың ойыншық таңдауы және мінез-құлқы себеп болуы мүмкін екені айтылған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Хабарламаға сәйкес, АҚШ-тағы клиникалар, мысалы, екі жасар қыз қуыршақ емес, машиналармен ойнайтын болса немесе ер бала оған тән емес ойыншықтарды таңдаса, баланың жынысын өзгертеді. Постта екі жастан төрт жасқа дейінгі балаларға ота жасауға дайын екі мекеме аталады: Дьюк клиникасы және Солтүстік Каролина университетінің клиникасы. Сондай-ақ ECU Health клиникалар желісі де көрсетілген. Аталған ауруханалардың барлығы Солтүстік Каролинада орналасқан, сәйкесінше осы штаттың заңдарына бағынады. Оған сәйкес, 18 жасқа толмаған адамдарға жынысын ауыстыру бойынша операция жасалмайды.
Дьюк клиникасының сайтында да дәл осылай жазылған. Клиникада гендерлік дисфориясы бар 18 жасқа дейінгі балаларға хирургиялық араласуды қажет етпейтін консультациялық және басқа да көмек көрсетіледі.
Солтүстік Каролина университетінің клиникасының сайттарында және ECU Health клиникалар желісінде балалардың жынысын ауыстыру операциялары туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін Associated Press порталының фактчекерлері Солтүстік Каролинада екі жасар балалардың жынысын өзгертуге дайын клиникалар бар деген хабарламаларды жоққа шығарған.
Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.
12 маусым 2023 ж. 292 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30