Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдемдік туризм тренді: киіз үй түріндегі 7 ерекше қонақүй

Әдемдік туризм тренді: киіз үй түріндегі 7 ерекше қонақүй

Киіз үй үйлесімді болғаны соншалық, көшпенділерді ғана емес, бүкіл әлемді сүйсіндірді. Бүгінгі таңда бұл әлемдік туризмнің өзгеше трендіне айналды, - деп хабарлайды tengritravel.kz.
Киіз үйлер сонау Шыңғысхан заманынан бері еш өзгермеген десе болады. Оларды жинау, тасу және қайта құру оңай. Осы бір мүмкіндіктер оны өте ыңғайлы етеді. Мәселен, былтыр Швейцарияның атақты Санкт-Мориц курротында киіз үй түрінде Louis Vuitton-ның поп-ап-дүкені ашылды.
Ендеше Орта Азиядан бөлек киіз үйде тұруға болатын орындарға тоқтала кетейік.
Бұл қонақ үйде арктикалық атмосфера көшпенділер рухымен үйлесім тапқан. Әр киіз үйде әйнектен жабылған шаңырағы бар, осы арқылы сіз төсектен тұрмай-ақ теріскейдің шұғыласын тамашалай аласыз. Әрине киіз үйден бөлек бұл демалыс орнында скандинав атмосферасын сезіну үшін сіз саунаға да түсуге болады.

Киіз үй жиі кездесетін бұл елде жергілікті тастардан душы бар қос киіз үйде демала аласыз. Лоджияда бар, мейрамхана, спа-салон, ат қора да бар. Қонақтар Гоби шөлінің атақты жерлерін - Лапылдаған жартастар, айғайқұмдар, Йол шатқалы мен қола дәуірінің петроглифтарын барып тамашалай алады.
Аумағы алты акр, шалғайдағы фермада бүкіл жиһазы бар киіз үй - табиғатты сүйетіндердің арманы. Американың орман пейзаждары әр қазаққа таныс киіз үйлермен әдемі үйлескен. Мұнда қаладағыдай шалқу жоқ, дегенмен Wi-Fi, даладағы душ, кішкене бақша мен ағаш пеш бар.
Лапландиялық киіз үйлер - қысқы демалысқа тамаша таңдау. Күндіз шаңғы тебесіз және қармен жүретін көлікпен жүре аласыз, ал түнде теріскейдің шұғыласын тамашалауға болады. 24 сағат бойы жарық болып тұратын күн, кез келген уақытта жаяу немесе каяктарда серуендеуге болатынын білдіреді, егер жайлы киіз үйден шыққыңыз келсе.
Әйгілі Бранхама шыңына жақын орналасқан алты орындық киіз үй тәжірибелі саяхатшыларға арналған. Монтананың түпкіріне жету үшін біраз тер төгу керек. Өйткені киіз үй теңіз деңгейінен 8500 фут биіктікте орналасқандықтан оған тек шаңғымен жетуге болады.
Уайлдер-Хоуп алқабындағы киіз үй - қонақ үйдегі демалыстан артық. Саут-Лейк-Тахо жағалуынан 20 минуттық жерде, биік тау бөктерлерінде орналасқан қонақ үй белсенді демалысты сүйтенідер үшін жасалған.

Аустралиядағы ең тамаша "киіз үйлердің" бірі ЮНЕСКО әлемдік мұрасы саналатын Улугу-Ката Тьюна ұлттық паркінің маңында орналасқан. Олар толықтай әйнектен жасалған. Онда үлкен төсек, ванна мен душы бар жеке бөлме, жеке балкон және басқа да жайлылық бар.
07 маусым 2023 ж. 549 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930