Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық диқандар күріш алқабын тегістеуге лазерлі аппарат қолданып отыр

Қызылордалық диқандар күріш алқабын тегістеуге лазерлі аппарат қолданып отыр

Бұл егістікке пайдаланатын судың көлемін 3 есеге азайтуға сеп болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Биыл Қызылорда облысында 195,6 мың гектарға егін егіледі деп жоспарланған. Өткен жылмен салыстырсақ, осы жылы себілген дәннің көлемі 7 мың гектарға артып отыр. Оның ішінде негізгі дақыл күріштің көлемі – 83,9 мың гектар. Жалпы, биыл аймақта егіс көлемін 7 мың гектарға, күріш көлемін 5,3 мың гектарға, малазықтық дақылдарды 2,3 мың гектарға ұлғайту межеленген.
Сыр бойылық диқандар суды аз қажет ететін өнімдерге басымдық беруді біраз жыл бұрын бастады.
Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылындағы "Ақжол" егін шаруашылығы 250 гектар жерге күріш салған. Шаруашылық бригадирі Жетпісбай Ерденов "өңірдегі су тапшылығы кедергі болса да, мол өнім алуға ниеттіміз" деп отыр. Шаруашылықтың жерді лазерлі аппаратпен тегістегені күрішке кететін судың көлемін 3 есеге азайтатын көрінеді. Осылайша, Сыр бойы күрішшілері Түркияда құрастырылған "Мара" лазерлі аппаратының егін егу барысында көмегі көп тигенін айтады. Енді күзде қамбаны астыққа толтыруға ниетті.
"Ақжол" егін шаруашылығының диқандары егіп жатқан күріштің тұқымы Қызылорда облысында орналасқан "Абзал и К" шаруашылығынан алынады. Яғни, ол – сұрыптаудан өткен тұқым. Өйткені мемлекет тек тексеруден өткен күріш сорттарын егуге ғана субсидия бөледі. Десе де, әр жылдары тұтынушылардың сұранысына сәйкес себілетін дәннің де тұқымы өзгеріп отырады.
Жалпы, Қызылорда облысы көктемгі дала жұмыстарына ертерек қамданса, дән себуді 15 наурыздан басталды. Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметі бойынша, 80,5 мың гектар жерге негізгі дақыл күріштің дәні себіліп, оның 72 мың гектары суға бастырылған. Ал дәндік жүгері – 210 га, сүрлемдік жүгері – 420 га, күнбағыс – 45 га, соя – 64 га, картоп 1,7 мың гектарға және көкөніс 3,7 мың гектарға егілген. Жалпы 3979 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы толық жөндеуден, тексерістен өткізіліп, көктемгі егін егу науқанында қызу жұмыс істеп жатыр.
01 маусым 2023 ж. 167 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 99

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930