Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтардың бойынан маскүнемдіктен қорғайтын генотип табылды

Қазақтардың бойынан маскүнемдіктен қорғайтын генотип табылды

Қазақтардың бойынан маскүнемдіктен қорғайтын генотип табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ерекше ген туралы генетик Гүлнар Святовая мәлімдеді. Оның айтуынша, спирттік дегидрогеназа ферменті азиялықтарға қарағанда қазақтарда жақсы жұмыс істейді, бірақ еуропалықтарға қарағанда нашар. Мәселен, Шығыс Азияда бұл полиморфизм 17,4%, Жапонияда – 24%, сондықтан олар тез мас болады.
«Бірақ біз қорғаныш генотипін, яғни қазақтарды маскүнемдіктен сақтайтын генотипті таптық. Бұл генотипті тасымалдаушыларда маскүнемдіктің даму қаупі әлдеқайда төмен. Қазақстандық популяциядағы бұл қорғаныш аллельінің тасымалдаушы жиілігі 1,31%, бұл жиілік африкалықтарда – 0,2%, америкалықтарда – 0,3%», – деді генетик маман.
Қорытындылай келе, Святовая генетиктер алған нәтижелер диагностика мен емдеудің жаңа бағыттарын ұсынуға, сондай-ақ пациенттердің этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәуекел топтарын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
20 мамыр 2023 ж. 104 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30