Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тағы бір бағытқа жаңа автобустар беріледі

Қызылордада тағы бір бағытқа жаңа автобустар беріледі

КБИ мөлтек ауданың қала орталығымен жалғайтын қалаішілік №10 бағыт жаңғыртылып халыққа бүгіннен бастап қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директоры Мақсат Жүсіп хабарлады.
Аймақ басшысының қолдауымен алынған жаңа автобустар халық игілігіне жұмыс жасауда. Солардын бірі КБИ мөлтек ауданы тұрғындары үшін қала орталығына қатынауына ынғайлы жағдайлар жасай отырып №10 бағыт іске қосылды. Қоғамдық көлікте мүгедектігі бар жандарға арналған пандус бар. Автобус салоны жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камерасымен, жылыту және салқындатқыш, GPS қондырғысымен жабдықталған.
Аталған бағыт бұрынғы жол сызбасымен жүретін болады.
Биылғы жылдың аяғына дейін облыс орталығы тұрғындарымен қала қонақтарына сапалы қызмет көрсету мақсатында қосымша 150 дана үлкен сыйымлықтағы автобустар сатып алынып, қала ішілік бағыттарды толықтай қамту жоспарланған.
Айта кетейік, бүгінде серіктестік - №1, 3, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19, 20, 22, 25, 28, 29, 30, 31 қала ішілік бағыттары және «Ягодка», «ПМК - 29» бен «Қараөзек» саяжайлары бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруда. Осыған №10 бағыт қосылды.
22 мамыр 2023 ж. 572 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 202

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 138

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031