Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жасанды ұрықтандыру арқылы бір жылда 3 200 бала дүниеге келді

Елімізде жасанды ұрықтандыру арқылы бір жылда 3 200 бала дүниеге келді

Экстрокорпоралдық ұрықтандырудың бір циклі 1,2 млн теңгені құрайды
Қазақстанда жасанды ұрықтандыру арқылы 3200 бала дүниеге келген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізер алдында халықтың әлеуметтік осал 8 санаты ғана бағасы қымбат тұратын КТ және МРТ қызметін алатын, ал 2019 жылы 200 мыңнан астам осындай қызмет жүргізілді, ал өткен жылы сақтандырылған 1,5 миллионға жуық азамат осы қызмет түрін алды, яғни көрсеткіш 7 есеге көп», - деді Тимур Сұлтанғазиев.
Ол атағандай, позитрондық-эмиссиялық томография қызметінің саны да сәйкесінше 13 мыңнан 21 мыңға дейін екі есеге өсті.
«Алғаш рет ересек пациенттерге жүрек-қан тамырлары, неврологиялық, онкологиялық аурулар мен жарақаттар кезінде медициналық оңалту қызметтері қолжетімді болды. Стационарларда барлығы 253 мың ересек пен балаға медициналық оңалту қызметі көрсетілді. Жыл сайын буындарды ауыстырудың қосымша 4 мың операциясы қаржыландырылады және әрбір жағдайдың құны 1,5 миллион теңгені құрайды, яғни қазіргі кезде шетелге шығудың қажеттілігі жоқ. Жаңа бағдарламаның арқасында бедеулік диагнозы қойылған 7000 отбасы ата-анаға болу мүмкіндігі берілді және қазірдің өзінде осы бағдарламаның нәтижесінде 3200 бала дүниеге келді», - деді вице-министр.
Айта кетейік, экстрокорпоралдық ұрықтандырудың бір циклі 1,2 млн теңгені құрайды, ол медициналық сақтандыру қаражатынан, азаматтар аударып отырған жарналар мен аударымдардан төленеді.
19 мамыр 2023 ж. 202 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930