Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл колледждерге 130 мың талапкер грантқа қабылданады

Биыл колледждерге 130 мың талапкер грантқа қабылданады

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс артады.
Жаңа оқу-жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс көлемі 50 мың орынға артады. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкер қабылданады, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мемлекеттік тапсырысты техникалық мамандықтарға қайта бағдарлау бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде ағымдағы жылы техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі 60%-ға көбейді", - дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.
Мемлекеттік тапсырыс геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар, құрылыс және коммуналдық шаруашылық бағыттары бойынша ұлғайтылды. Сонымен қатар, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші үш жақты шартқа сәйкес колледж түлектерін жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады.
Айта кетейік, 2023-2024 жаңа оқу жылында кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент қабылдау жоспарлануда.
17 мамыр 2023 ж. 288 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930