Ең ақылды адамның өзі жіберіп қоятын қателіктер қандай?
Адамдар жиі жіберетін қателікті, тіпті ең ақылды адамдардың өзі айналып өте алмайды екен. Олардың тізімін америкалық ғалымдар атап берді деп жазады aspekty.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.
Сонымен, кез келген адам өзінің жақыны айтқан өтінішке бірден "иә" деп жауап бере салмайды екен. Оның орнына "білмеймін", "көреміз", "ойланайық" деген сылтауларды жиі айтады. Бұл өз кезегінде қарым-қатынасты суытып, араның алшақтауына әкеліп соғады.
Ғалымдар пікірінше, адам өз жақынына "ия" деп жауап беруге үлкен кедергі болмаса, бірден өтінішін орындауға келісу керек. Сонда онымен сыйластығыңыз артып, сый-құрметке ие боласыз.
Көп тараған қателіктердің екіншісі - "жоқ" деп айта алмау.
Яғни барлық адамның айтқанынан бас тарта алмай, өз шаруасын бітірмей жүре беретін адамдардың әрекеті. Олар көбіне өздерін кінәлі, қарыздар санайды немесе "ұят болмасын" деген оймен ғана өмір сүреді.
Тәуекел етіп, бір іске бел шеше кірісе алмау
Әлем халқынің басым бөлігі үйреншікті жұмысынан ажырай алмай, миына артық салмақ салмай жүре бергенді жөн көреді. Бұл өте ыңғайлы болып көрінгенімен, уақыт өте мидың қызметі әлсірей беретін көрінеді.
NUR.KZ