Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік салығы бойынша борышкерлердің тізімі 26 мамырдан бастап сот орындаушыларға жолданады

Көлік салығы бойынша борышкерлердің тізімі 26 мамырдан бастап сот орындаушыларға жолданады

1 миллионнан астам қазақстандықтың мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша жалпы сомасы 29,1 млрд. теңгеге, оның ішінде көлік құралдарына салынатын салық бойынша 27,9 млрд.теңгеге қарыздары бар.

Ағымдағы жылдың 26-мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады. Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасқан кезінде Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады. Осыған байланысты, азаматтардан қарыздың жоқтығына көз жеткізуді ұсынамыз. Салықтар бойынша берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының → Электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу көмегімен тексеруге болады.

Ж.ТАБЫНБАЙ,
Қазалы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы 
16 мамыр 2023 ж. 321 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 28

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930