Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды 15 мамыр - Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы – еліміздің мызғымас тұрақтылығының, ауызбіршілігі мен болашағының қайнар көзі. Себебі, тәрбиелі ұрпақтың ел мен жерге адал қызмет жасауы жанұядағы өнегеден бастау алмақ. Сондықтан да «Отбасы» қашанда қоғамның іргесін ұстайтын маңызды тетігі, діңгегін қалаушы берік кірпіші десек артық емес.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жанұяның қоғамдағы рөлін сараптап, нығайту бағытында іргелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінде елімізде отбасы институты берік қалыптасып, дамып келе жатыр. Оның ішінде ана мен балаға деген қамқорлық, ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру, лайықты біліммен сусындату, денсаулығы мен тыныштығын сақтау ерекше назарға алынған.
Біздің ауданымызда мәуелі әулетке айналған мерейлі отбасылардың қатары қалың. Олар бүгінде бүтін бір елдің үлгі-өнеге алар жанұясына айналған. Отбасылық құндылықтарды қастерлеп, салт-дәстүрді берік ұстанған, ұрпағына тағылымды тәрбие берген осындай ардақты жандар қай кезде де мақтануға тұрарлық.
Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін! Шаңырақтарыңызға махаббат пен татулық салтанат құрсын!
Құрметпен,
Мұхтар Оразбаев,
Қазалы ауданының әкімі
15 мамыр 2023 ж. 770 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031