Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталады

Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталады

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында өтеді, деп хабарлайды baq.kz.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында айтылғандай, педагогтер бейне түріндегі авторлық жұмыстарын 12 бағыттың бірі бойынша ұсына алады:
• мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін ерте сауаттылық;
• оқу сауаттылығы;
• математикалық сауаттылық;
• жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;
• цифрлық сауаттылық;
• медиа-ақпараттық сауаттылық;
• қаржылық сауаттылық;
• экологиялық сауаттылық;
• денсаулық сақтау сауаттылығы;
• әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық;
• мәдениетаралық сауаттылық;
• азаматтық-құқықтық сауаттылық.
Конкурсқа жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады - топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс. Мұғалімдердің келесі жұмыстары қабылданады: дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, сандық білім беру ресурсы және бейне подкаст. Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін. Конкурс қатысушылары ұсынатын бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтінім беріп, бір бейнематериал жібере алады.
Конкурс жұмыстары жеті критерий бойынша бағаланады: өзектілік, дәлелділік, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, инновациялылық, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлік, аудио/бейнеқатарды беру сапасы.
12 бағыттың әрқайсысында бір І орын, екі ІІ орын және үш ІІІ орын беріледі. Өңірлік және республикалық кезеңдердің барлық қатысушылары қатысу сертификаттары мен жеңімпаздар дипломдарымен марапатталады. YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша мадақтау сертификаты қарастырылған.
Конкурстың барлық марапаттау құжаттары біліктілік санатын беру немесе растауда ескерілетіні туралы айта кеткен жөн.
Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысу өтінімдері https://ppi.orleu-edu.kz сайтында қазан айының 10-на дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалдарында алуға болады.
10 мамыр 2023 ж. 239 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031