Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болуы қажет - Тоқаев

Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болуы қажет - Тоқаев

Мемлекет басшысы бұл туралы Бүкілармиялық кеңес отырысында айтты, деп хабарлайды el.kz ақпараттық агенттігі.
Қарулы күштеріміз – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі. Туған елдің тәуелсіздігін және бейбіт өмірін қорғау – қасиетті парыз. Туған жердің аумақтық тұтастығын сақтау – қастерлі борыш. Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жерінің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай сақтау – басты міндетіміз, - дейді Мемлекет басшысы.
Президент барлық мәселе халықаралық құқық аясында БҰҰ жарғысына сәйкес шешілуі тиіс дегенді айтты. Сөйте тұра мынадай алмағайып заманда армияның рөлі артқаны анық. Сондықтан Тоқаев әскеріміз әрқашан егемендігімізді қорғауға дайын болу керектігін тілге тиек етті.
Мемлекеттер өз мүддесін қорғау үшін жиі күш қолданатын болды. Әлемде жаппай қарулану белең алды. «Жау жоқ деме, жар астында» деген сөз бар. Қазіргі күрделі кезеңде армияның рөлі күшейе түсті. Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болуы қажет. Оның кәсіби дайындығы, заманауи қару-жарақпен, озық технологиямен жабдықталуы басты факторға айналды, - деді Президент.
05 мамыр 2023 ж. 225 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031