Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Елбасы заңы туралы: қажеттілігі шамалы

Тоқаев Елбасы заңы туралы: қажеттілігі шамалы

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында ол өзі қол қойған Нұрсұлтан Назарбаевты өкілеттігінен айырған заң туралы пікірімен бөлісті.
– Бұл түсінікті нәрсе. Бұрын осындай заң қабылданды. Қазіргі таңда, олардың қажеттілігі шамалы. Оны ашық мойындауымыз керек. Келешекте осындай заңдарды қабылдаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бұл олқылықтары болса да – бұл біздің тарихымыз. Ал тарихтан сабақ алу – бәріміздің борышымыз. Біздің мақсатымыз – еліміздің болашағы, өскелең ұрпақ туралы ойлау. Басқа сөз жоқ, – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Тоқаев екінші мерзімге президент болу туралы пікірімен бөлісті.
– Бұл мәселе Конституциямызда жазылған. Бұл анық нәрсе. Оны бұзуға болмайды. Екі мерзім. Наурыздағы жолдауымда осы маңызды мәселе жөнінде өз пікірімді айтамын. Бірақ қазір сайлауға барамын ба, бармаймын ба, ол туралы айтуға әлі ерте, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі туралы пікір білдірді.
– Әлеуметтік желілерде Тұңғыш президент туралы түрлі пікірлер айтылып жатыр. Қанша адам болса, сонша пікір бар дегендей.
– Мемлекет басшысы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылдық еңбегін жоққа шығармаймын. Бұл – тарихқа құрметсіздік болар еді. Егер Тұңғыш президенттің қателіктері болса – бұдан жас басшылар сабақ алуы керек, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы елімізде атқарылатын жұмыс көп екенін, саяси реформаларды наурыз айының ортасында жариялайтыны туралы да ақпаратты жасырып қалмады.
18 ақпан 2022 ж. 583 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930