Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қандай азаматтар қызметінен кетуі керегін айтты

Тоқаев қандай азаматтар қызметінен кетуі керегін айтты

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Біздің бағытымыз белгілі. Мақсатымыз айқын. Ең бастысы – сол мақсатқа жету үшін не істеу керегін білеміз. Біз қолға алған игі бастаманың барлығын соңына дейін жеткіземіз. Кез келген кедергіні еңсеріп, қиындықты жеңуге дайынбыз. Мен Мемлекет басшысы ретінде халық үшін барлық күш-жігерімді жұмсай беремін. Мемлекеттік қызметкерлер мен бүкіл қоғам біртұтас ел ретінде міндеттерді жүзеге асыруда жұмылуымыз керек. Әйтпесе, кеш қалуымыз мүмкін. Себебі әлемдегі жағдай өзгеріп тұрады, - деді ол.
Тоқаев Мемлекет басшысының саясатына күмән келтіретіндер туралы айтты.
Мемлекет басшысының саяси курсына күмәнданатындардың барлығы жұмысты дұрыс атқара алмайтындар, олар қандай да бір жолмен орнында отырғысы келеді. Президенттің тапсырмаларынан жалтарады, менің ойымша, олар қызметінен кетуі керек. Тек осындай жағдайда ғана біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Мемлекеттік аппарат бір ағза сияқты жұмыс істеуі керек. Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі маңызды. Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте. Ендеше бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік, — деп сөзін аяқтады Мемлекет басшысы.
01 қыркүйек 2021 ж. 553 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930