Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 8 баласы бар отбасыға қанша төленеді?

Елімізде 8 баласы бар отбасыға қанша төленеді?

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 538,3 мың отбасы жалпы сомасы 101,1 миллиард теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде наурызда 544,3 мың отбасына 34,3 миллиард теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, - деп хабарлайды massaget.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:
4 баласы бар отбасыларға - 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
5 балаға - 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
6 балаға - 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
7 балаға - 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
8 және одан да көп баласы бар отбасыларға - әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.
Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 пайызға артты.

25 сәуір 2023 ж. 269 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 101

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 96

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 97

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 89

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930