Қаңғыбас иттен қашанғы қашамыз?
Қазақстан – өркениетке қарай бет бұрған жас мемлекет. Зайырлы, демократияға ұмтылған билігі, халқы бар. Салыстырмалы түрде аталған режим көбірек орныққан державалар осы жүйенің принциптерін әлем елдеріне таратуға асық. Соның әсерінен елімізде адам бостандығын шектемеуге, дін алуандығына, гендерлік теңдікке, тіпті азаматтардың сексуальдық позициясына дейін еркіндік беріліп отырғаны рас. Өткен жылы осы процесс жалғасын тауып, жануарларды қорлаудың бетін қайтарын бірқатар Заң қабылданғаны белгілі. Жаңа ереже бойынша құтырған, қаңғыбас, адам талаған иттер атылмайды. Салдарынан Қазалы ауданындағы иесіз иттер саны бірнеше есеге артты.
Қазақстанда қаңғыбас жануарларды атуға жыл сайын шамамен 2,3 миллион АҚШ доллары бөлінеп келді. Енді жануардың атқан немесе өлтіргені үшін адамдар 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуейді. Егер «қылмыскер» бірнеше жануарды бір мезетте өлтірер болса бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Заң талқылауға түскен күннен бастап қоғамда қызу талқы басталды. Көпшілік алдымен дамыған елдер сияқты мәселені еңсеруге ресурсты дайындап алмай, шикі Заңды қабылдай салған Үкіметке ашулы еді. Ал заң шығарушы орган құжаттың маңызы зор екенін айтып, оның принциптерін жариялады. Өзгеріс ит иесіне жануардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін жеке жауапкершілік жүйктейді. Оған қатігездік танытудан қорғайды және халықты жануарларға адамгершілікпен көңіл бөлуге тәрбиелейтіні көрсетілген. Соңғы уақыттары биліктің мұндай көзқарасы бала тәрбиесінде жетіспейтіні байқалып жүргенін қайтейік?!
Тақырыпқа оралайық. Соңғы кездері аудан орталығында топтасып жүретін бұралқы иттер бірнеше есеге артты. Әсіресе, кенттің сыртқы көшелерінде жиі көз шалады. Қоқыс маңын жағалайтын топтасқан жануарлар кешкілік тұрғынүй аумағына кіріп, үлкенді-кішінің үрейін тудырып жүр. Тіпті, балтырындағы бұлшық етін жұлып, көп ит талап тастаған адамдар да аз емес. Мәселен, Қазалы ауданаралық аурахананың бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Әбіловтің айтуынша, былтыр 74 тұрғын қаңғыбас иттен зәбір көрген. Биылғы 4 айдың ішінде 17 жерлесіміз топтасқан иттерге таланып, жаны қалған. Осындайда адам жаны қымбат па, әлде, иттердің бағы асыл ма деген сауал тууы заңды. Алайда бұған жауапты жергілікті атқарушы орган өкілдері ит қамайтын орын жоқ екенін, қажетті құрылғылар қашан келетіні туралы ақпар беріп отырған жоқ. Сонда адамдар қаңбысан иттен қашанғы қашып жүреді?
– Ең бірінші Заң шығару органдары мен оны мақұлдаған халық қалаулыларына таңым бар. «Қыстың қамын жазда ойла» деген мақал бар. Ал қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынған екен, оларды қайда апарып асырайды? Қазіргі күні Қазалының көшелерінде жүздеген бұралқы ит жүр. Олар ауру таратса, қайда апарып залалсыздандырады? Заңның қабылданғанына 1 жылдан асып кетсе де әлі күнге дейін жануарды ұстап отыратын, залалсыздандыратын, тіпті еспе жасайтын орын жоқ. Адамдар қауіпсіздігі ең алдыңғы орынға қойылуы керек емес пе? Ақылға сыймайды, – дейді кент тұрғыны Ғабидин Шынтас.
Статистикаға сүйенсек, 2022 жылға дейін Қазақстанда жыл сайын 350 мыңға жуық қаңғыбас ит өлтірілетін. Үйсіз жануарлардың нақты саны белгісіз. Мысалы, Грузияда панасыз жануарлардың бірыңғай мәліметтер базасы құрылған. Ал біздің өңірде тіпті мониторинг жүргізілмегені белгілі. 2018 жылы мәжіліс қабырғасында күн сайын елімізде 160 адамға қаңғыбас иттер шабуыл жасайтыны да айтылды.
Ал соңғы атышулы оқиғаның бірі ит тісінің ізі қалған құрылыс алаңынан табылған 12 жастағы ақтөбелік баланың өлімі елдегі жануарлардға қатысты заң эффективті емесін көрсетті. Болжам бойынша, оған бір топ иттер шабуыл жасаған. Ал Ақтөбе облысының тұрғындары қаңғыбас иттер мен мысықтарға у қосылған тамақ беріп жатқаны туралы ақпарат тарады. Жағдай осы қалпында қала беретін болса былтыр қабылданған құжаттың құны қалмасы анық. Өйткені қаймана халық бауыр еті баласының қауіпсізідігі үшін қолға қару алып, қалтасына у қосылған сүйек салып жүрмесіне кепілдік жоқ.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ