Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіс эмалін сақтап қалудың жолын тапқан ғалым

Тіс эмалін сақтап қалудың жолын тапқан ғалым


Қазақстан әлемдегі ең өнертапқыш елдердің бірі болып саналады. Тәуелсіздік жылдардан бері еліміздің ғалымдары ондаған мың патент алып, инновациялық технологияларды бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізді. Тіпті ғалымдарымыздың жаңалықтары БҰҰ сыйлығына ұсынылып жатыр. Бүгінде олардың ойлап тапқан дүниесін бізде ғана емес, шет елде де пайдаға асып жатыр. Соның бірі – биолог-генетик Бауыржан Айтуов.
Биология, медицина саласындағы ғылыми ізденістің бірі – тіс эмалін қайта қалпына келтіретін импланттар. Мұндайды жұрттың бірі білер, бірі білмес. Бірақ жоба 2013 жылдан бері қолға алынып, екі жылдан соң InnoDent технологиясы деген атаумен Қазақстанда патенттелді.
Осыны ойлап тапқан биолог-генетик Бауыржан Айтуов бүгінде бұл технологияны бизнес көзіне айналдырған. Қазір InnoDent технологиясын еліміздің 20% ғана ішкі нарықта қалса, 80% экспортқа кетеді. Ең ірі сатып алушылар украиналық, ресейлік клиникалар. Бұл жобаға барлығы – 190 млн теңге салынды. Оның ішінде 40 млн теңгесі мемлекеттік қаржыландыру болса, қалғаны – жеке инвестициялар.
Бауыржан Айтуов «Болашақ» бағдарламасымен ғылыми-жаратылыстану бойынша шетелде сапалы білім алған жастардың бірі. Алайда елге оралған соң ол білімін іске асыратын орта таппайды. Өз жолын іздеп, жеке инновациялық компаниясын құрады. Соған қарамастан ол жобаларды зерттеуін тоқтатпай, АҚШ-та тәжірибеде жүргенде естіген даму үстіндегі ұрықта эмаль қалыптастыруға көмектесетін амелогенин ақуызын зерттейді.
– АҚШ-та бұл ақуыздың дайын өнімдер бар. Ол сүйекті өсіруге арналған хирургияда қолданылады. Ақуызды шошқаның ұрығынан алады. Өте қымбат тұрады. Біз оны синтездейміз. Бұл ақуыздың ерекшелігі – ұрықта тістің негізі салынғанда эмаль қалыптастырады. Осыны хирургиядан да басқа жерде қолдануға болатынын түсіндім, – деген Бауыржан InnoDent деп аталатын препараты – амелогенин ақуызының аналогі екенін айтты. Онсыз эмальді қалыпқа келтіру мүмкін емес екен. Амелогенин сілекей түрінде қажетті минерал кальций мен фосфатты бөліп, гидроксиапатит қалыптастырады. Ал ол – эмаль қалыптастыруға ең қажетті дүние.
Сондықтан препаратты балалардағы бастапқы кариес түскенде, брэкеттің орны қалып, қандай да бір дақ қалса, эмальдың минералдануы, эмаль гипоплазиясы және сезімталдықтың жоғарылауында қолдануға болады. Тісті ешқандай бұрғылаусыз, айыртпай емдеу мүмкін.
– Бізде әлі күнге дейін тісті емі ескі қалыппен келеді. Мысалы, тіске түсе бастаған кариесті үлкейгенін күтеді, содан кейін қырып тазалап, пломбы қояды. 2-3 жылда әлгі пломба отырады. Тісті қайта тазалап, салу керек болады. Ақырында адам тісінен айырылып, имплант салады. Ал біз болсақ, тістің қалыбын сақтап қалуға тырысамыз. Әрине, басында тіс эмалін қалыпқа келтіреді дегенге нанбады. Бірақ бүгінде біраз тіс емханалары пайдаланып жүр. Негізгі клиенттің бірі – Алматының 50-60 шақты емханасы. Ондада осы өнімді таныстыру үшін әрқайсысын өзіміз аралап, ақпараттандырдық. Арасында Астане, Атырау, Актөбе, Павлодар қалаларының емханалары да бар. Бірақ өте аз, – дейді Бауыржан Айтуов.
Биоматериал (ұнтақ түрінде) суда ерітіп, тістің зақымдалған жеріне жағады. Бар-жоғы процедураның ұзақтығы – 15 минут. Артынан бір ай ішінде сілекей минералдарынның дұрыс кристалдық торды құру арқылы тіс эмалі қалпына келеді.
Бауыржан Айтуовтың айтуынша, соңғы үш-төрт жылда тағы бір өнім ойлап тапқан. InnoDent Prophylaxis дегеніміз – тістегі эмальді берік қылатын гель. Оның артықшылығы үй жағдайында қолдануға болады. Сынақ жасалып, рұқсат беретін құжаттар алынған. Енді тек оралып, сатуды күтіп тұр екен.
– Бұл жаңа өнім АҚШ нарығында өтімді болады. Себебі, АҚШ нарығы ауқымды, төлем қабілеті жоғары. Бастысы олар біз секілді емес, әуелі денсаулыған күтеді. Repair арнайы температуралық режимді талап етсе, Prophylaxis үшін бұл қажет емес. Сондықтан Amazon арқылы сатпақпыз, –дейді Бауыржан Айтуов.
Кәсіпкер АҚШ нарығын жаулаған соң, Еуропа, Қытай нарығына, одан әрі Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияға жетуді көздемек. Қазақстандық стартаптың бұл нарыққа шығуына серіктесі – Исламдық Даму банкі көмектеспек.
12 сәуір 2023 ж. 238 0

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 42

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 45

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031