Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев аймақтар арасындағы теңсіздікті азайтуды тапсырды

Тоқаев аймақтар арасындағы теңсіздікті азайтуды тапсырды

Мәжілістің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтар арасындағы теңсіздікті азайтуды тапсырды, деп хабарлайды baq.kz.
Мемлекет басшысы аумақтық саясат жан-жақты ойластырылып жүргізілуге тиіс екенін айтты.
Аймақтар қуатты болса, бүкіл мемлекет өсіп-өркендейді. Сондықтан еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы оңтайлы әрі тиімді болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Былтыр жаңадан Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылғанын білесіздер, - деді ол.
Сөзінше, бұл қадам осы аймақтарды тың қарқынмен дамытуға жол ашты.
Біз аймақтар арасындағы экономикалық теңсіздікті азайту үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек. Осы ретте Үкімет әкімдермен бірлесіп, әрбір облыстың әлеуетін арттыруға тиіс. Әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет. Сондай-ақ агломерацияларды дамыту мәселесіне баса назар аударған жөн. Үкімет осыған қатысты заңның мүлтіксіз орындалуын және жоспарланған жұмыстың тиімді атқарылуын қамтамасыз етуге тиіс, - деп тапсырма берді Президент.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тоқаев мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алып, тапсырманы уақытылы әрі сапалы орындауы жеткіліксіз екенін айтты.
30 наурыз 2023 ж. 251 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 72

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 120

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 128

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 91

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 116

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031