Елімізде 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды – ІІМ
Ең көп заңдастырылған көлік Ресейден жеткізілгенҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев көліктерді заңдастыру процесі жайлы министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты, деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.
«Ішкі істер министрлігі басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 23 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізуде. Өтініштер барлық ХҚО-ларда және электрондық сервис арқылы қабылданады, сондай-ақ азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді», - деді Сұлтанбаев.
Ол атағандай, заңдастырудың негізгі критерийлеріне көлік құралының сәйкестігін алдын ала тексеру процесі толық автоматтандырылған.
«Биылғы 23 қаңтар мен 26 наурыз аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды, оның ішінде 67%-ы (46 592) – Ресей Федерациясынан, 19% (13 424) – Армениядан, шамамен 10% (6 788) – Қырғызстаннан, шамамен 2% (1 296) – Грузиядан. Сонымен қатар қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Аталған жоба жария талқылаудан өтті, қазір біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін Үкіметке енгіземіз. Заңдастыру жұмыстары жүріп жатыр», - деді ол.