Қалада жұмыс қарқынды
Таңертең аудан басшысы қала халқымен кездесуі өтті. Жиында М.Әуесұлы өткен жылы атқарылған біршама жұмыстарына, нәтижесіне тоқталып, биылғы жылдың жағымды жаңалықтарымен бөлісті.
2022 жылы шағын қалаларды дамыту аясында қаланың электр желілері қайта жаңғыртылып, 13 көше жарықтандырылып, 12 ішкі көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Жалпы қалада жол жағдайы жақсы.
Сосын қала тұрғындарын қуанышқа бөлеген 140 орындық «Өрімтал» балабақшасының лентасы қиылып, Ү.Түктібаев көшесінен шағын футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді. Тіпті жаңа спорт кешенінің салу үшін жобасы да әзірленген екен.
Ал алға қойған мақсат-мфндеттерге келсек, биыл қала ішіндегі 15 көше жөнделіп, тағы 10 көшені қайта жаңғырту мен 26 көшенің электр желілерін жаңартудың жоба құжаттары дайындалмақ.
Сонымен қатар Қазалы қаласынан жалдамалы 10 арендалық тұрғын үй құрылысын салу жоспарланып, жобалар облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына ұсынылған. Тағысын-тағы жағымды жаңалықтар көп. Соның ең бастысы, өзектісі сағызша созылған қала мен кент арасындағы төрт жолақты жол жұмыстары осы жылы аяқталмақ.
Жиыннан соң аудан басшысының қабылдауына кірген тұрғындардың басым көпшілігі жеке кәсіп жайын сөз қылыпты. Бірі қаладан бассейн орталығын ашу туралы ұсыныс білдірсе, енді бірі балық, дүкен мен газоблок өндіру сынды ұсыныстарын айтыпты. Аңғарсаңыз, бұл қалада инфрақұрылымдық мәселелердің азайғандығын һәм қалада қарқынды жұмыстың жүріп жатқанның белгісі. Сол себепті қалалықтар кәсіпке ден қойса керек.

Серік АҚМЫРЗА,
фото Нурлан ҚАНАТ
фото Нурлан ҚАНАТ