Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамда «цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор

Қоғамда «цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор

Ғалымдардың айтуынша, аутизм – «ХХ ғасырдың обасы». Ал цифрлық аутизм – ХХІ ғасырдың дерті. Сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында осындай пікір айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат қазіргі таңда бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да «цифрлық аутизм» белгілері байқала бастағанын атап өтті. Балалар смартфонды ұзақ ұстауы салдарынан есте сақтау, көру және сөйлеу қабілетінен айырылып жатыр. Олардың өз бетінше ойлауы, ұзақ мәтіндерді қабылдауы, айналаға назар аударуы қиынға соғып отыр.

«Жеті атасын жатқа білетін ұрпақ орнына жеті ауыз сөзді әзер айтатын толқын пайда болды. Скринэйджер, зуммер, немесе Z – ұрпақ – өз өмірін электронды құрылғысыз елесетете алмайтын жаңа буын. Қазіргі таңда логоневроз ауруы мен Турет синдромы күшейе бастады. Тұтас ұлт пен ұрпақ үлкен қауіп алдында тұр. Ата-аналардың 65 пайызы балаларына 3-5 жастан гаджет ұстатады. Бір сөзбен айтқанда, қолына «смартфон ұстап туған» буын өмірге келді», деді депутат.

Сенатор гаджетизация мен заманауи технологияға қарсы тұру да дұрыс емес екенін айтты. Депутат осыған байланысты мектептер мен балабақшалардағы ата-аналар комитеттеріне, сондай-ақ салалық үкіметтік емес ұйымдарға киберманияның зияны туралы белсенді түрде айтып беруін ұсынды. Сенатор сонымен қатар, өскелең ұрпақтың денсаулығына бақылау жүргіузуге тікелей байланысты ұсыныстарын да ортаға салды.

«Үкіметке жаңа туған нәрестелерді жаппай ретинопатия және аудиологиялық скринингтен өткізудің сапасына мән беруді, Алматы қаласындағы А.Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған №4-ші мектеп-интернатқа қосымша ғимарат салуды ұсынамыз. Сонымен қатар логопед және офтальмолог мамандықтарына бөлінетін мемлекеттік грант санын көбейткен маңызды», деді Нұртөре Жүсіп.
02 ақпан 2023 ж. 310 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031