Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Садақ ату сәнге айналса

Садақ ату сәнге айналса

Бағзы заманнан бері көшпелілердің иығынан түспеген, қазақтың дәстүрімен біте қайнасқан қымбат мұра бар. Ол – садақ. Қазақ тарихында оқ пен жебені жанына серік етіп, құралайды көзге атқан мергендер әр заманда болған. Бірі адырнасын сайлап, аңға шықса, екіншісі соғыста жаудың бетін қайтарған. Кейін заман, адам дами келе көптеген дүниелер қолданыстан шыға бастады. Алайда ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, оның ішінде садақ ату спортына ерекше мән беріп, сәнге айналдыруды мақсат еткен жандар жоқ емес. Солардың бірі – жақында аудан орталығынан «Zhebe» садақ ату орталығын ашқан жас кәсіпкер Мақсат Маратұлы.
Садақ ату спорты әлем халықтарына ортақ мұра десек те, осы бір жауынгерлік өнердің ұшар басында түркілер тұрғаны ежелгі тарихтан белгілі. Зерттеушілердің пікірінше, адамзат тарихында алғаш рет мергендер қосынын дүниеге әкелген ғұндар дейді. Біздің ата-бабаларымыз ғұндардың тікелей мұрагері екенін ескерсек, садақ ату өнері қазіргі түрік халықтарын түп-тамырымен табыстыратын идеологиялық үрдіс.
Осы бір үрдісті қайта жаңғыртуды қолға алған небәрі жиырма жасар кәсіпкердің орталығында 6 нысана, орта және кіші жасқа арналған 8 садақ түр бар. Оның төртеуі әуесқойларға, екеуі кәсіпқойларға және тағы екеуі балаларға арналған. Сонымен қатар мұнда жебенің де екі түрі бар. Орталықта дәлдігіңізді 10 рет сынау құны бар болғаны 500 теңге тұрады. Бірақ ең тиімдісі жарты сағатқа 1000 теңге төлеп, жебе санын шектеусіз ату мүмкіндігін пайдаланғаныңыз абзалырақ. «Zhebe» садақ ату орталығында басқа түрлі жеңілдіктер топтамасы да қарастырылған.
Орталыққа барудағы мақсатымыз «Кәсіпті ұлттық спорттың бұл түрінен ашуға нендей себеп болды?» деген сауалдың жауабын алу болды. Мақсаттың айтуынша, көнеден жеткен өнерді дамыту мен бұқаралық спорт ретінде қолданысқа енгізуді қалайды.
– Негізі өзім бала күнімнен тарихи дүниелерге құмармын. Тіпті осындай орталық ашуды сол уақытта армандаушы едім. Бүгін міне, діттегеніме жеттім. Алдағы уақытта бұл спортты Қазалы ауданында дамытып, қызығушылар қатарын көбейту үшін арнайы жоспарларым да бар. Осылайша садақ ату өнерін бұқаралық спорт ретінде қолданысқа енгізуге теңіздің тамшысындай болса да, үлесімді қосқым келеді. Себебі бұл ата-бабаларымыздан жеткен асыл мұра, құнды қазына.
Бұйырса, жалғыз садақ ату емес, басқа да ұлттық спорттарды қолға алып, енгізу ойымда бар,– дейді жас кәсіпкер.
Жалпы дәстүрлі садақ ату спорты Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Мамандардың айтуынша, садақ атудың пайдасы өте мол. Ол адамға рух беріп, көздің көру қабілетін жақсартады. Сонымен қатар адамдарды сабырлы болуға, өзін-өзін тәрбиелеуге, адам бойына сенімділік ұялатуға көмектеседі.


Серік АҚМЫРЗА
21 қаңтар 2023 ж. 910 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031