Садақ атудан Азия чемпионатында күміс медаль иелендік
Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші медаль жеңіп алды деп хабардайы egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.Блоктық садақ атудан Қазақстан ерлер командасы құрлық додасының финалына шыққан болатын. Сергей Христич, Ақбарәлі Қарабаев және Андрей Тютюн үштігі ақтық сында Оңтүстік Корея құрамасына бір ұпай айырмасымен ұтылды.
Есеп - 235:236.
Бұл Қазақстан еншісіндегі екінші медаль. Бұған дейін классикалық садақ атудан Қазақстан әйелдер командасы Азия біріншілігінің қола медалін ұтып алған еді.













