Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының беделді жоғары оқу орны жергілікті департаментке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұмысына алғыс білдірді

Қызылорда облысының беделді жоғары оқу орны жергілікті департаментке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұмысына алғыс білдірді

Ағымдағы жылдың 1-7 қарашасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өзара ынтымақтастығы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ғылыми-зерттеу орталығының жоспарына сәйкес іс-шаралар атқарылды.
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастырудың негізі» тақырыбында студенттердің ғылыми жұмыстар байқауы өткізіліп, студенттер қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында дайындаған ғылыми жұмыстары қорғалды. Конкурсқа баға беруге әділ қазы ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің аға офицері Мырзағалиев Олжас Серікұлы қатысып, студенттердің ғылыми жұмыстарын сараптауға қатысып, талап ережелерге сай, өзекті деп танылған 15 студенттің ғылыми жұмысына баға беруге атсалысты.
- «Заң. Әділдік. Теңдік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияның негізгі бағыты сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы қауіптілігі мен оның алдын – алу шаралары ретіндегі баяндамалар мен пікір алмасулар болды. Конференцияға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Амангелдіұлы Ашиков қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері» тақырыбында баяндама жасап, конференцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының 30-жылдығына орай ұйымдастырылған «Жаңа Әділетті Қазақстан құру жағдайында құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы жыл сайынғы дәстүрлі құқық апталығының қорытынды салтанатты кешіне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы қонақ ретінде қатысып, университеттің студенттерге теориялық білім беру мен тәжірибеде ынтымақтастық орнатып, іс-шаралар атқарудағы қызметтері үшін «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті» университет ректорының Алғыс хатымен марапатталды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ТОП-551-600 "QS Asia University Rankings-2023" рейтингісінің нәтижесі бойынша Азияның үздік жоғары оқу орындарының қатарына енсе, "Аккредиттеу және рейтінгтің тәуелсіз агенттігінің" 2022 жылғы ҚР Жоғары оқу орындарының ұлттық сұраныс рейтингісі бойынша 8-ші орынды иемденген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті


16 қараша 2022 ж. 226 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930