Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Halyk Homebank қосымшасындағы жаңа ұсыныс

Halyk Homebank қосымшасындағы жаңа ұсыныс

20 қарашада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Дауыс беру үшін өзіңіздің сайлау учаскеңіздің нөмірін білуіңіз керек. HalykBank-тің жаңа сервисінің көмегімен 18 жасқа толған кез келген қазақстандық дауыс беруге арналған учаскенің өмірі мен мекен жайын оңай және тез анықтай алады. Ол үшін HalykHomebank қосымшасының пайдаланушысы болу керек. Сервис Орталық сайлау комиссиясымен және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен ынтымақтастықта әзірленді.
Қосымшада сайлау учаскесін іздеу үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Президентті сайлау – сайлау учаскесін іздеу» батырмасын басу жеткілікті, содан кейін учаскенің нөмірі мен мекенжайы автоматты түрде көрсетіледі. Егер учаске анықталмаса, тіркеу аймағын таңдап, кеңес алу үшін байланыс орталығының нөмірін біле аласыз.
Ақпаратты басқа адам үшін, мысалы, туысыңыз үшін білуге болады. Ол үшін оның ЖСН енгізу жеткілікті, сол сәтте учаскесі бойынша деректер көрсетіледі.
«Қазақстандықтардың көбі цифрлық қызметтерді белсенді пайдаланады. Бейінді министрлік ретінде міндетіміз – отандастарымызға олар үшін қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Қазір ҚР Президентінің алдағы сайлауына қоғамның жоғары қызығушылығын көріп, біз ОСК және серіктесіміз HalykBank-пен бірлесіп банктің цифрлық платформасына жаңа сервис енгіздік. Бұл дауыс беруге қатысуға дайын адамдардың ыңғайлылығы үшін жасалған», – деп ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин атап өтті.
«Біз ең өзекті және сұранысқа ие цифрлық қызметтерді ұсынамыз және көбінесе клиенттеріміздің сұраныстарынан озып кетеміз. Бүгін біз Halyk Homebank пайдаланушыларына сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін оңай білуге мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қостық. Банк клиенттердің ыңғайлылығы туралы ойлайды, сондықтан біз Қазақстанның әрбір азаматы өзінің сайлау құқығын іске асырып, өз учаскесін тауып, ҚР Президентінің сайлауында дауыс беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық», – деді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев.
Н.ЖОЯМЕРГЕН

08 қараша 2022 ж. 402 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 101

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 96

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 97

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 89

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930