Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Шуриктің тұтқыны» болған актер

«Шуриктің тұтқыны» болған актер

«Кавказ тұтқыны» фильмі туралы сөз қозғасақ, актер Александр Демьяненко көз алдымызға келеді. Ол шынымен осы рольді ойнап Шуриктің тасасында қалды. Көшеге шықса болды, ізінен бала-шағамен қатар үлкендер де еріп жүретін, кинодағыдай студент Шурик деп есептеп, оның көзілдірігін түзегісі келіп, кейбірулері құлағынан тартып көргісі келетін. Ол осы кинода Шуриктің ролін ойнағаны үшін өмір бойы өзін кінәлап өкінумен өтті. Ондай жағдай әртістердің басынан өтіп тұратын. Мысалы: Анатолий Папанов «Ну, погоди!» мультфильмінде қасқырдың даусын салғаны үшін, көшеге шыққан кезде үлкен мен кіші де «Ну, погоди!» деп сыртынан естіртіп айтатыны жүйкесіне тиіп: Мен деген «Тірілер мен Өлілер» фильмінде генерал Серпилинді ойнағанмын, – деп ашуланып айтады екен.
Шуриктің ролі оны СССР-дегі ең танымал әрі сүйікті актер қатарына қосқанмен, оны осы рольден кейін кинорежиссерлер киноға түсіруге шақыруды азайтты. Себебі, басты роль бергенмен халық оны көргенде: «Мә, мынау Шурик қой» деп айтатынын білетін, сондықтан тек эпизодтық рольдерге ғана шақырды. Александрды бұрынан танитын, драмалық актер екенін білетін режиссерлер басты рольге шақырғанмен киностудия басшылары: «Ол деген Шурик қой, күлкіге қаламыз» деп рольге бекітуге қол қоймайтын.
А.Демьяненко ГИТИС-тің 2 курсында оқып атақты А.Алов пен В.Наумов өздерінің «Ветер» атты драмалық фильміне шақырды. Сосын осы екі режиссер «Мир входящему» фильміндегі лейтенант Ивлевтің рөліне шақырды.
1959 жылы ГИТИС-ті бітіргесін Мәскеудегі Маяковский атындағы драмалық театрға қабылданды. Алайда Ленинград театры артистеріне пәтер берілетін болғандықтан ауысып кетті. Сол кезден ­бастап «Ленфильмге» түсе бастады. «Государственный преступник» фильмінде соғыстағы сатқындардың ізіне түскен аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Андрей Поликановты, «Карьера Дима Горина» фильмінде Горин ролін ойнап, елге танылып, киоскілерде фото открыткасы сатыла бастағанда, оны комедиялық режиссер ­Леонид Гайдай көріп өзінің «Несерьезные историй» атты комедиясындағы студент роліне шақырды. Бұған дейін ол бұл рольге 40-тан астам актерді байқап көріп біреуін де жақтырмай актер іздеп жүрген болатын. Кездейсоқ киоскіден Демьяненконың открыткасын көріп бірден шақырды. ­Александр қара шашты болатын, сары түске боялды. Фильм 1965 жылы «Операция «Ы» или другие приключения Шурика» деген атпен экранға шыққанда, Демяненко бір күнде сүйікті актерге айналды.
1967 жылы «Кавказская пленница или новые приключения Шурика» шықты.
1973 жылы «Иван Васильевич меняет профессию» фильмінде өнертапқыш-студент Шурикті ойнады. Осылайша Александр Шурик рөлінің тасасында қалды. Шурикті ойнаймын дегенше 14 фильмде көбінесе басты рольдерде ойнаса, одан кейін 57 фильмде тек эпизодтық рольде ойнады. Менің есімде қалғаны 4 сериялы «Угрюм река» фильміндегі приказчик Иван Сохатых бейнесі.
Театрда «Владимирская площадь» пен «Антигон» спектакльінде басты драмалық рольде шебер ойнаса да көрермендер бағалай алмады. Олар үшін де ол ең алдымен Шурик еді. Ол бар ынтасымен кино дубляжға кетті, шетелдік кино жұлдыздары Жан Поль Бельмандо, Омар Шариф, Уго Тогльяцци, Джон Войт, Роберт де Нироны орысша сөйлетіп прокатқа жөнелтіп жатты. Сондай-ақ талай мультфильм кейіпкерлері Демяьненко дауысымен сөйледі. Дубляж өте шыдамдылықты қажет етеді, ақша да жақсы төленетін, Александр қаражат жағынан тапшылық көрген жоқ.
Атақты Юрий Никулин өзінің анекдоттар клубы «Белый попугайға» түсуге шақырғанда барған жоқ. Никулинді жақсы көрсе де, бармаған себебі, Шурик туралы сөз болатынын білді.
Театрға бас режиссер болып Козаков келгенде, бүкілодақтық атағын қызғанды ма, бірінші кездесуде-ақ көптің көзінше: «Сіздің театрда қандай роль ойнайтыңызды білмеймін, бірақ кинодағы Шуриктің ролі арқылы танимын» дегенде, Демьяненко бірден: «бұл маған басқа жақтан орын қарастыр дегеніңіз ғой» деп өз еркімен театрдан шығып кетіп, тек дубляждан түскен ақшамен күн көрді.
«РСФСР-дің халық артисі» деген атақ алған 1991 жылы жүрегі ауыра бергесін дәрігерге қоярда қоймай әйелі апарып көрсеткенде бір рет инфаркт алғаны белгілі болды. Сол кезде театрдың бас режиссері Козаковпен арадағы кездесуден кейін ауырып қалған кезде алғаны белгілі болды.
1999 жылы 1 қыркүйек күні балалардың барлығы мектепке барып жатқанын көріп, өзінің баласы болмағанын ойлап жатып жүректен қайтыс болып кетті.

Бақытжан АБДУЛ-ТҮМЕНБАЕВ,
тарихшы, журналист-дайджест
08 қараша 2022 ж. 556 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031