Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктен түскен қоңырау: Алаяқтарға сеніп, ақшадан айырылып қалмаудың жолы

Банктен түскен қоңырау: Алаяқтарға сеніп, ақшадан айырылып қалмаудың жолы

Қазақстандық банктердің клиенттері қалайша қаржы алаяқтарының құрбан дарына айналады? Fingramota.kz «Қазақстан Халық банкі» АҚ сарапшысы Қанат Елшібековпен тікелей эфир барысында қаржылық қызметтерді тұтынушылар жиі түсіп жататын алаяқтық схемалар туралы білді.
Бірінші с хема – «қарсы» кредиттер, «қауіпсіз» шоттар және «ұяшықтар»
Ықтимал құрбанның мобильдік нөміріне банктің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, полиция немесе прокуратура «қызметкерінің» атынан қоңырау түседі. Қоңырау шалушы сіздің атыңызға кредит алып үлгерген алаяқтардың әрекеттері туралы хабарлайды. Оның күшін жою үшін сізге дереу «қарсы» кредит ресімдеу қажет. Ол үшін банк бөлімшесіне бару немесе дұрысы банктің мобильдік қосымшасына кіріп, жаңа кредит ресімдеп, барлық ақшаны (кредиттік және меншікті қаражатты) өз шоттарыңыздан, соның ішінде депозитте сақталған ақшаны «қауіпсіз» шотқа немесе «сақтандыру ұяшығына» аударуыңыз керек-мыс. Мұндай терминдерді тек алаяқтар қолданады!
Қаскүнемдер көп жағдайда құрбандардан олардың түрлі банктерде шоттарының және ақша қаражаты қалдықтарының бар-жоғы жөнінде сұрайды, сондай-ақ олар банк клиентінің өзіне ресімдей алатын кредиттің ең жоғары мөлшерін білу үшін оның ай сайынғы кірісінің мөлшерін нақтылайды.
Азаматтар өз еркімен ақша аударғаннан кейін оны қайтару мүмкін емес, себебі қылмыскерлер қаражатты дереу басқа банк карталарына аударады, содан кейін ақшаны банкоматтар арқылы шешіп алады немесе криптовалютаға айырбастайды.
Әңгіме барысында алаяқтар үнемі әңгімелесушілерді тез шешім қабылдамасаңыз кеш болады деп асықтырып, ақшаңызды жоғалтып алу қауіпі бар деп қорқытады. Олардың басты мақсаты – адамдарды дүрбелеңге салу.
Алаяқтар алдау әрекеттерін телефон қоңырауларынан бастап, ықтимал құрбандарды WhatsApp немесе Telegram желілері арқылы хат алмасумен алдауды жалғастырады. Қаскүнемдер банкте немесе құқық қорғау органдарында жұмыс істейтіндерін дәлелдейтін жалған құжаттарды және «ақшаны үнемдеу туралы» нұсқаулықтарды жібереді. Олар әртүрлі алаяқтық қосымшаларды: Any Desk, TeamViewer және оларға ұқсас қосымшаларды жүктеуді сұрайды, олардың көмегімен банктік қосымша орнатылған басқа біреудің ұялы телефонына қашықтан қосыла алады және карта иесінің қатысуынсыз және келісімінсіз ақша қаражатын ұрлауы мүмкін.
Толығырақ «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінен оқыңыздар
01 қараша 2022 ж. 439 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 103

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 99

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930