Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2023 жылы негізгі ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін

2023 жылы негізгі ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін

2023 жылы негізгі ҰБТ сәуір және шілде айларында өтеді деп жоспарланып отыр. Енді мамыр айында тестілеу өткізілмеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді , деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, жыл сайын негізгі ҰБТ мамыр және маусым айларында өткізіліп келді, енді оған өзгеріс енгізу үшін арнайы жоба әзірленген. "Биылғы жоспар бойынша бірінші мүмкіндікке тіркелу наурыз айында ашылады. Алғашқы тестілеуді сәуір айында өткізудің бірнеше себебі бар: біріншіден, мамыр айында мереке көп. Екіншіден, биылғы оқу жылында соңғы қоңырау 31 мамырда өтеді. Оқушылардың бар ойы соңғы қоңырауды өткізуде болады", – деп түсіндірді Руслан Тохтарұлы.

Ұлттық тестілеу орталығы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынған жаңа жобада дистракторлар (жауап нұсқалары) саны өзгертілген. Яғни бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азаяды.

Сондай-ақ ҰТО директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, сұрақтар саны да өзгереді. "Оқу сауаттылығы" бойынша 15 сұрақ: 5 сұрақтан 3 мәтін (200-350сөз) беріледі, ал "Қазақстан тарихы" бойынша 20 сұрақ: бір дұрыс жауапты 10 тапсырма, мәнмәтін негізінде 10 тапсырма беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл өзгерістер қазіргі таңда тестілеу орталығы тарапынан жоба ретінде ұсынылған.
31 қазан 2022 ж. 513 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031