Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаевтың тапсырмасы: жәрдемақы төлеу тәртібі қалай өзгереді

Тоқаевтың тапсырмасы: жәрдемақы төлеу тәртібі қалай өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің тәртібі қай кезде өзгеретінін түсіндірді. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны көлемі өзгереді. деп хабарлайды sputnik.kz Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі жолдауда бала күтімі бойынша берілетін төлемдедерді бір жарым жылға дейін ұзартуды тапсырды.
Ресми мәліметке сәйкес, осы бастама келесі жылдан бастап қолға алынады.
"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері ұлғайтылады. Ана мен баланы қолдаудың осы және басқа да шаралары Әлеуметтік кодексінің жобасында қарастырылады. Бұл ретте, МӘСҚ-тен төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталатын болады", - дейді министрлік мамандары.
Бұдан бөлек, бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6 айдан аз уақыт қатысқан ата-аналар жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар алады.
Ал жұмыс берушілердің қызметкерлер үшін МӘСҚ-ке аударатын төлемдердің мөлшері өзгеріссіз қалады. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімімен айналысатын әйелдерге орташа айлық табысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады.
"Үшіншіден, әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін наградталған аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері сараланатын болады. Мәселен, "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады. Бүгінгі таңда 6 және 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей жәрдемақы алады", - делінген ресми хабарламада.
Оған қоса, 6 немесе 7-ден көп бала туып тәрбиелеген аналарға құрмет ретінде наградталған аналар мәртебесі белгіленеді.
Әлеуметтік кодекске енген тағы бір өзгеріс - мүгедектігі бар балаларға қарайтын жеке көмекшілердің жұмыс өтіліне қосу. 2023 жылдан бастап олар үшін зейнетақы жарналары аударылады.
Сосын атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығын өз бетінше сатып алу мүмкіндігі беріледі. Ол үшін 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған әлеуметтік топтама ақшамен аударылады.

02 қыркүйек 2022 ж. 567 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930