Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала қуанышы – әлемнің көркі

Бала қуанышы – әлемнің көркі

Спорт – денсаулық кепілі. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Сондықтан бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәні орасан зор.
Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы «Шымыр» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, «Балалар жылы» және партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында №11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасында «Шынықсаң шымыр боласың» атты бүлдіршіндерді достық қарым қатынасқа, салауатты өмір салтына баулуға, өз денсаулығына қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған спорттық іс-шара өткізілді.
Аталмыш ойын-жарысқа екі топтан құралған балалар қатысты. Бүлдіршіндер тәрбиешілерімен бірге жарыста белсенділік танытып, өздерінің шапшаң, батыл, жүйрік екендерін көрсетті.
Жарыс соңында әділ қазылар жарысты қорытындылап, екі топқа «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жаппарбергенұлының мадақтамасын табыстады. Сонымен бірге, барлық қатысушы бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар мен тәттілер үйлестірілді.
#AMANAT
24 тамыз 2022 ж. 740 0

Шипа мен үйлесім жолында

20 маусым 2026 ж. 54

Қауіпке қарсы қамданыс

20 маусым 2026 ж. 41

XXI ғасырдағы Арал теңізі

20 маусым 2026 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930